{metadescription}
0:000:00
«Басым ауырады». Қарағандыда ірі жол апатын жасаған бизнесмен қамауға алынды

«Басым ауырады». Қарағандыда ірі жол апатын жасаған бизнесмен қамауға алынды

Қарағандыда ірі жол апатын жасаған бизнесмен екі айға қамауға алынды. Бүгінгі сотта ол аурушаң екенін айтып, тергеу біткенше үйқамақта қалдыруын сұраған. Алайда алты көлік талқандалған жол апатында бір адам ажал құшып, төрт жолаушы зардап шеккен. Арасында айы күні жақындаған жүкті әйел де бар.

Сергей Камаев күдікті:

Көшеге бұрылғаннан кейін есімнен таныппын, ештеңені де білмеймін, есімді жиғанда көліктер талқандалып жатты. Мен басым ауырады, ұстамам бар, жүрегімде де ақау бар. Үйде болып, емделуім  керек. Сонымен қатар қамауда жатып зардап шегушілерге көмек беру,  шығынын өтеу қиын болады.

Алайда судья күдіктінің уәжімен келіспеді. 55 жастағы бизнесмен өңірдегі шахталарды нососпен жабдықтайды екен. «Ауған соғысына қатыстым» деген ардагер жиі басы ауыратынын айтады. Тіпті ем-дом қабылдап жүрген дәлелі де бар көрінеді. 

Айта кетейік, ірі жол апаты осыдан екі күн бұрын болды. Жол талғамайтын қымбат көлік тізгіндеген күдікті жылдамдықты асырып, алдына тоқтап тұрған көлікті жапырып өткен. Соққының қатты болғаны соншалық, тағы үш көлік талқандалды. Ал марқұм болған 40 жастағы азамат көлігінен ұшып барып көшеге түскен. Қабырғалары сынып, басқа да жарақаттар алған жүкті әйел қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы екеуі аяқ қолын сындырған. Айып тағылған бап бойныша күдікті бес жылға дейін сотталуы мүмкін.

Мейрамғали Мұрзалипов, зардап шеккендердің адвокаты: 

Ол өзін жақсы адам және Ауған соғысына қатысқан жауынгер ретінде көрсеткісі келеді. Оның эпилепсиясы бары 2006 жылы анықталған. Сондай ауруы бар адам қалай көлік басқарады? Соны біле тұра, аса қауіпті саналатын техниканы тізгіндеу қылмыс.  Сондықтан зардап шегушілердің атынан оның тергеу кезінде қамауда отыруына талап еттім.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде