{metadescription}
Air Astana мен Бибігүл Төлегенованың арасындағы кикілжіңге қатысты министр пікір білдірді
Air Astana мен Бибігүл Төлегенованың арасындағы кикілжіңге қатысты министр пікір білдірді

Air Astana мен Бибігүл Төлегенованың арасындағы кикілжіңге қатысты министр пікір білдірді

Қауіпсіздіктен құрмет биік. Air Astana компаниясы мен Бибігүл Төлегенованың арасындағы кикілжіңге қатысты сауда және интеграция министрі пікір білдірді. Арман Шаққалиев жолаушыларды отырғызу тәртібі маңызды болғанымен, халық әншісінің денсаулығына байланысты, «оны өткізе салуы керек еді» деп отыр.

Air Astana қызметкерінің арбаға таңылған Бибігүл Төлегенованы бортқа кіргізбей дөрекі жауап бергенін күні кеше қызы мәлімдеген. 95 жастағы әйгілі әншінің омыртқасы ауырып, ұшаққа ертерек орналасқысы келген екен. Бірақ қауіпсіздікті алға тартқан қызметкерлер атағы жер жарған зейнеткерді сол күйі өткізбей қойыпты. Тәртіп бойынша арбаға таңылғандар өзге жолаушылардан бұрын немесе ең соңынан кіруі керек. Алайда министр Арман Шаққалиев денсаулыққа қатысты болса, «жағдайға түсіністікпен қараған жөн» деп санайды.

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:

Меніңше, әуежай қызметкерлері Бибігүл Төлегенованың жағдайын түсініп, қолдау көрсетуі керек еді. Бұл халық әртісіне ғана емес, кез келген адамға, өзге де жағдайға қатысты. Мысалы, медициналық көмек шұғыл қажет болған жағдайда біз қатаң бюрократиялық ережені ұстанбаймыз ғой. Біз әрқашан адам денсаулығына қамқорлық жасау қағидаты бойынша әрекет етеміз. Бұл жағдайда әуежай қызметкерлері өз тұтынушыларының денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек екенін түсінуі қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде