{metadescription}
АЭС салу. Аргентиналық сарапшының пікірі
АЭС салу. Аргентиналық сарапшының пікірі

АЭС салу. Аргентиналық сарапшының пікірі

Экономика дамыған сайын энергияға да қажеттілік артады. Ал атом электр станциясы мәселені шешудің ең тиімді жолы. Мұны сала мамандары қалың бұқараға түсіндіруге тырысып жүр. Әлемнің 31 елі пайдаланып отырған ядролық энергетиканың тиімділігі жайлы аргентиналық сарапшы да пікір білдірген.

Марсело Сальваторе, халықаралық сарапшы:

Барлық шектеулерге қарамастан, Аргентина Латын Америкасындағы алғашқы ядролық зерттеу реакторын салып, басқара алды және 1956 жылы әлемде алғашқылардың бірі болып, Аргентина «Атуча» бірінші атом электр станциясын пайдалануға берген Латын Америкасындағы алғашқы ел. Бүгінгі таңда бізде бес зерттеу реакторы, бір құрылыс сатысында үш АЭС бар. Олар елдің энергетикасын 6 пайыз қамтамасыз етеді. Құрылыс сатысында бір шағын модульді реактор бар. Бұл да біздің жеке өніміміз. Аргентина қазір өз қажеттігін қамтып қана қоймай, өз сараптамасын ядролық салаға жаһандық ауқымда жобалауда.

Аргентина мен Қазақстан аумағы мен табиғи ресурстары жағынан ұқсас. "Ядролық технологиямен айналыса бастағанда басқаларды қуып жету, тіпті басып озу мүмкін екенін түсінесіз" дейді халықаралық сарапшы. Әрине, бұл экономика тұрғысынан  АЭС тиімділігі хақында айтқаны.

Әлемде 400-ден аса атом электр станциясы жұмыс істеп тұр. АҚШ, Франция, Қытай, Жапония мен Ресей және Оңтүстік Корея атом энергетикасын ең көп пайдаланатын елдер қатарында. Францияның өзінде 23 АЭС бар. Бұл ел әлемдегі ең ірі электр энергиясын экспорттаушы. Жылдан-жылға энергия тапшылығы сезіліп отырған Қазақстанда да атом электр станциясы салына ма? Көпшілікті толғандырып отырған маңызды мәселе енді 6 қазанда өтетін референдумда белгілі болады.

Ғалиасқар Сарыбаев, Сенат депутаты:

Біздің мемлекет те әлемдік технологиядан қалмау керек. Салу керек. Себебі, күннен‑күнге энергияны пайдалану көбейеді. Көптеген кәсіпорын салынады. Сол үшін бұны дұрыс пайдалану керек. Әрине, халықты толғандырып жатқан бір нәрсе қауіпсіздік мәселесі. Бүгінгі күні МАГАТЭ бар. Бүкіл стандартын қабылдайтын. Түгел қарайтын мекеме бар. Сол МАГАТЭ мүшесіміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.