{metadescription}
Шамалған бекетінде төрт жолақты жаңа трасса — айналма жол ашылды
Шамалған бекетінде төрт жолақты жаңа трасса — айналма жол ашылды

Шамалған бекетінде төрт жолақты жаңа трасса — айналма жол ашылды

Бұрын жол апаты жиі болатын Шамалған бекетінің айналма жолы ашылды. Енді Алматыдан Астанаға қарай көлікпен шыққан жүргізушілер пойыз жүйткіп жүретін шойын жолды кесіп өтпейді. Отарба күтіп сағаттап кептелісте тұрмай, төрт жолақты жаңа трассамен емін-еркін қозғала береді.

Алты шақырымға созылған айналма жолды қайта жаңғыртуға 25 миллиард теңге жұмсалған. Алғашқы болып бұл жолмен бүгін жолаушылар автобусы мен ауыр жүк көліктері жүріп өтті. Трассаның ашылуына, әсіресе осы маңдағы елді мекен тұрғындары дән риза. Өйткені бұған дейін жұрт Балқаш, Қарағанды, ары Астанаға қарай мына жалғыз жолмен баратын. Бұл жермен пойыз да тоқтаусыз қозғалады. Ұзын-сонар кептелістен көз ашқан емес. Тіпті асыққан көліктер дәл шойын жолдың үстінде тұрып қалатын кездері де болған. Бес жыл бұрын тап осы өткелде жантүршігерлік жол апатының болғаны әлі ел есінде пойыз кептелісте тұрған автобусты қағып, бір адам қайтыс болған.

Сәтжан Аблалиев, ҚР Көлік вице-министрі:

Тұрғындарына, жол пайдаланушыларына бұл жерде кедергі болмайды. Қауіпсіздік 100 пайыз қамтылды. Енді бұл жол Алматыдан Астанаға баратын негізгі жолдардың бірі. Бұл жердегі көлік қарқыны тәулігіне 15-20 мыңға дейін. Бәрі осы жерден қауіпсіз, жылдам өтетін болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде