{metadescription}
Абай облысы: Үш айда 45 бас қой ұрлағандар ұсталды
Абай облысы: Үш айда 45 бас қой ұрлағандар ұсталды

Абай облысы: Үш айда 45 бас қой ұрлағандар ұсталды

Абай облысында жайылымдағы төрт түлікті ұрлаған күдіктілер ұсталды. Олар үш айда 45 бас қойды қолды қылған.

Қос азамат Бородулиха ауданының тұрғындарын зар қақсатқан. Ұрылар жайылымда жүрген ұсақ малды үптеп кетуге машықтанған. Ал арам жолмен келген олжасын Семейдегі базарға саудалап отырған. Осылайша үш айдың ішінде 45 бас қойды қолды қылған. Шығынның жалпы көлемі екі жарым миллион теңге. Күдіктілер бес қойды жеңіл көлікке басып келе жатқанда ұсталды. Қазір екеуі де қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.