{metadescription}
Көшпенділер ойыны: 21 спорт түрінен 97 медаль ойналады
Көшпенділер ойыны: 21 спорт түрінен 97 медаль ойналады

Көшпенділер ойыны: 21 спорт түрінен 97 медаль ойналады

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына ұйымдастырушы дирекция сақадай-сай дайынбыз деп отыр. 8 қыркүйекте басталатын ойындар аясында 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы ойналады.

Көшпенділер ойындарының салтанатты ашылуы «Астана арена» стадионында өтеді. Дүбірлі додаға әлемнің 89 елінен өтініш түскен. Он жылдық тарихы бар шараға арысы Австралиядан, бірінші рет Венесуэла мен Ирландиядан да қатысушылар келеді деп отыр. Елордада бес этноауыл ашылады. Онда концерттік бағдарламалар және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылмақ.

560 ат, құсбегілік спортқа Қырғызстан, Қазақстан және Монғолиядан 45-ке жуық құс, яғни қырандар, сұңқарлар мен қаршығалар шығарылмақ.

Көшпенділер ойындарына 64 мемлекеттен әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары қызығушылық танытқан.

Қыркүйектің 13-і этноауылда жабылу салтанаты өтпек.

Ал VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Өзбекстанда өтетін болды. Ұйымдастырушылар шеттен екі жарым мыңға жуық мейман келеді деп отыр.

Абылай Қондыбаев, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары:

Көшпенділер ойындарына бюджеттен 5 миллиард 700 миллион теңге бөлінді. Бізге шеттен 2430 адам келеді. Бұл қалыптасқан дәстүр. Қабылдаушы тарап қонақтардың жатын орны мен тамағын, тасымалдау шығынын өз мойнына алады. Бір адамға миллион 800 мың теңге жұмсалады. Біздің құрама Түркия еліне төртінші ойындарға барғанда олар да шығынды өзі көтеріп алған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде