«Онлайн жезөкшелік» пен боди-массажға тыйым салынды
Қазақстанда «онлайн жезөкшелік» пен боди-массажға ресми түрде тыйым салынды. Бұған дейін аталған қызмет түріне заң тұрғысынан шектеу жоқ еді. Жаңа өзгертулерде интернетте веп-камера арқылы нәпсіні оятып, жыныстық қатынасқа түсуге итермелейтін контент жасағандар мен массаждың ұятсыз түрін меңгергендердің ізіне ішкі істер министрлігі түседі.
Автор: Айжан Шамшидин
06.09.2024
Боди-массаж жасайтын орталықтар иелері мен вебкам-индустрияның көрігін қыздырғандарды қылмыстық жауапқа тартамыз деп отыр тәртіп сақшылары. Мұндай бизнес иесін полиция арнайы интернет-мониторинг арқылы қолға түсірмек.
Жалпы жыл басынан бері порнография сипатындағы 4 мыңға жуық шетелдік сайт бұғатталыпты. Дегенмен осы бағыттағы сайттардың оңай ашылуына байланысты қаптап кеткен.
Саида Сүлейменова, адвокат:
— Бұл күрделі жұмыс. Бірнеше жылдан бері ақша әкеліп көсегесін көгертіп отырған бизнесін тоқтатып, түп-тамырымен жою қиын екен. Дегенмен қылмыстық жауапқа тартылғандықтан, басқалары аяқ тартады деп білемін. Бұл күресте басқа мемлекеттермен байланысты тоқтатпаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!