{metadescription}
Наразылық: Көкшетауда үлескерлердің бар қаражаты құйылған құрылыс тоқтап тұр үлескерлер
Наразылық: Көкшетауда үлескерлердің бар қаражаты құйылған құрылыс тоқтап тұр үлескерлер

Наразылық: Көкшетауда үлескерлердің бар қаражаты құйылған құрылыс тоқтап тұр үлескерлер

Көкшетауда баспаналы боламыз деп бар ақшасын сақалды құрлысқа салған үлескерлер наразылыққа шықты. Олар құрылыс компаниясына 80 миллион теңгеден астам қаражат құйған. Бірақ әлі күнге пәтер жағалап жүр.

Ұлжан Баймағанбетова, үлескер: 

 Ауылдағы үйімді сатып, осыған бар ақшамды салған болатынмын. Төрт жарым миллион, ойлайтын шығар, аз ақша деп. Бірақ ол маған өте көп. Қазір екі баламмен пәтер жағалап жүрмін. Бұл компанияның құжаттары, яғни рұқсаты да жоқ екен. 

Алма Мұкышева, үлескер:

Пәтер алу үшін былтыр сәуірде 10 миллион теңге салдым. 2024 жылдың бірінші маусымында құрылыс аяқталып, пәтер кілтін береміз деп уәде берген. Содан бері не пәтер, не ақшамыз жоқ. Ақшамызды қайтарамыз дейді. Бірақ осы уақытқа дейін ешкімге, ештеңе қайтарған жоқ.

Көкшетау қаласындағы «Радужный» тұрғын үйінен пәтер аламыз дегеннің әрқайсысы 3 миллионнан 10 миллион теңге аралығында ақша құйған. Алайда нысан белгіленген уақытта бітпей, құрылысы баяулап, кейін мүлде тоқтап қалған. Бірі ауылдағы үйін, екіншісі қаладағы пәтерін сатып, «жаңа баспана аламыз» деген салымшылар енді сан соғып қалды. Ал құрылысқа жауапты компания басшысы қандай да бір мәлімет беруден бас тартты.

Анар Төлебаева, жеке кәсіпкер:

Мені жарияласаңыздар, бір сөзім болсын шығарсаңыздар, мен де өз құқығымды білемін, мен де соттасамын!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде