{metadescription}
Атыраулықтар коммуналдық мәселесін шеше алмай, қағазбастылықтан қажыған 
Атыраулықтар коммуналдық мәселесін шеше алмай, қағазбастылықтан қажыған 

Атыраулықтар коммуналдық мәселесін шеше алмай, қағазбастылықтан қажыған 

Атырауда коммуналдық мәселеден қажыған халық облыс әкімімен кездесуді талап етті. «Мирас» ықшам ауданының тұрғындары көшеге арық салуды сұрап отыр. Себебі жыл басында бірнеше күнгі жаңбырда үйіне су кіріп төтенше жағдай жарияланған. Осыдан кейін жергілікті билік мәселені шешуге уәде беріпті. Бірақ бос сөз бен қағазбастылық әбден қажытты дейді наразы тұрғындар.

Мұхтар Мұстафин:

 Енді жауын-шашын басталады, қайта суға батамыз. Тұрған жеріміздің өзі ой. Еш нәтиже жоқ. Бұлардың бір айтатыны смета құжаты. Бітпейтін бір құжаттар. Көктемде барсаң да, сол құжат, күзде барсаң да сол құжат. Шешілмейтін мәселе. Бізге жұмыс істеп-істемейтінін айтсын. Облыс әкіміне шығып, үндеу жолдап отырмыз.

Тұрғындар ала-жаздай жауаптылардың табалдырығын тоздырған. Бірақ мәселе сол күйі шешілмепті. Енді жаңбыр жауса, тағы да толарсақтан су кешеміз деп отыр. Соңғы екі жылдан бері қаладағы «Жұлдыз», «Мирас», «Өркен», «Балауса» тағы басқа бірнеше ықшамаудандағы жағдай осы. Бұл мәселеден құтылу үшін кәрізді орталық жүйеге қосу және көшеге дренаж жүйесін орнату керек. Ал жауаптылар жоба-смета құжаттары әзірленіп жатқанын айтып ақталады.

Нұрболат Бөлеков, Атырау құрылыс бөлімінің басшысы:

Қазір жобасы бітті. Сараптамаға енгізілді. Қаралатын 45 жұмыс күні бар. Шағымға жауап береді. Өңдейді. Сондай жұмыс жүріп жатыр. Қазанның аяғына қарай шығады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде