{metadescription}
«Құрылысшылар жетіспейді». Семей құрылыс колледжі студент санын арттырды
«Құрылысшылар жетіспейді». Семей құрылыс колледжі студент санын арттырды

«Құрылысшылар жетіспейді». Семей құрылыс колледжі студент санын арттырды

Президент жолдауынан кейін еліміздегі оқу орындары қажетті кадарларды даярлауға көшті. Әсіресе елімізде құрылысшылар жетіспейді. Сондықтан Семейдегі "Геодезия, картография және құрылыс" жоғарғы колледжі студенттердің санын көбейтті.

Биыл тапшы мамандықтар бойынша білім алуға келген студенттердің саны бес жүзге жуық. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Қазір оқу орнының педогогтары, жастардың құрылыс саласында білім алуға деген құштарлығы артқанын айтады. Өйткені аталмыш оқу орнын бітірген мамандарға сұраныс көбейген. Қазір құрылыс саласындағы жас мамандар цехта тәжірбиеден өтіп, білмегенін үйреніп жатыр. Бүгінде тас қалаушылар мен дәнекерлеуші мамандығын таңдаған жастар көп.

Қаныш Төлеуов , Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің директоры:

Біз тас қалаушыларды дайындаймыз.Біздің студент Франциядағы халықаралық чемпионатқа қатысуға жолдама жеңіп алды. 10 қыркүйек күні басталады. Мамандарға сұраныс жыл сайын артып келеді. Сондықтан биыл біз студент санын арттырдық. Атап айтқанда, 1-курсқа 452 адамдай қабылдадық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде