{metadescription}
Павлодар: Торайғыр демалыс аймағында қарақұрт әлі де көп
Павлодар: Торайғыр демалыс аймағында қарақұрт әлі де көп

Павлодар: Торайғыр демалыс аймағында қарақұрт әлі де көп

Павлодар облысында қарақұрт азаймай тұр. Бұған дейін Баянауыл ауданында улы зиянкестің күрт көбеюіне байланысты төтенше жағдай жарияланып, залалсыздандыра бастаған. Улы жәндікті жою жүргізілгенімен, Торайғыр демалыс аймағында қарақұрт әлі де көп.

Баянауылда қарақұрттың пайда болғаны туралы ақпарат өткен жаздан бастап тараған. Алайда жағдай биыл ғана ушыққан. Улы жәндікті теріп шығуға қауқары жетпеген ұлттық парк қызметкерлері жергілікті әкімдіктен көмек сұраған болатын. Қарақұрт басқан аумақта зерттеу жүргізіліп, табиғи сипаттағы төтенше жағдай енгізілген еді. Мердігер ұйым анықталғаннан кейін, Торайғыр ауылында екі күндік залалсыздандыру жүргізілді. 

Мұқтар Молшин, Торайғыр ауыл округінің әкімі:

Тамызда шешім шығып аудан қорынан 1,8 миллион бөлініп, 3-4 қыркүйек арасында тастарды аударыстырып, қарақұрттардың көзін жойдық. Жалпы 150 гектар көлемінде дәрі сеуіп шықтық. 

Торайғыр ауылында өңдеу жүргізілгенімен, қауіпті зиянкес толық жойылмаған. Мәселен, Торайғыр демалыс аймағындағы әрбір төртінші тастың астында улы буынаяқтының ұясын байқауға болады.

Ұлттық парк қызметкерлері қарақұрттың ошағына айналған Торайғыр көлі аумағында қауіпті өрмекшілерді қолмен жойып жатыр. Көл аумағында қойылған ақпарат жазылған тақтайшаларда таулы өлкеде қауіпті жәндіктен сақ болу керек екенін жазылған. Әзірге улы өрмекшіден зардап шеккендер тіркелмеді. Дегенмен жүз гектар жерді жайлаған қауіпті зиянкес әлі де қаптап жүр.

Ұлттық парк аумағында улау құралын пайдалануға тыйым салынған. Сондықтан ғылыми қызметкерлер көл жағасының үш шақырымдай жерін басқан қарақұртты қолмен теріп жүр. Улы жәндіктің жұмыртқаларын жинап, аналықтарын жаншып өлтіреміз, дейді ұлттық парк қызметкерлері.

Аждар Жүсіпов, «Баянауыл» мемлекеттік табиғи паркінің директоры:

Күніне 60-70 қарақұрт аналығы мен 180-ге жуық жұмыртқасын жойып жатырмыз. Қарақұрттың аналығы екіден астам жұмыртқа басады. Үш аптадан кейін одан 100 ден 600-ге дейін өрмекші шығады. Қазір қарақұрттың жұмыртқалары әлі шығып жатыр. Ғылым және мониторинг бөлімінің қызметкерлері қолмен жою жұмысын ары қарай жалғастыра береді.

Ғалымдар қарақұрттың қаптауы алғаш 2007 жылы тіркелгенін айтады. Зиянкестердің көбеюіне жаз басындағы ыстық күн райы себеп болуы мүмкін. Десе де келер жылы бұндай жағдай қайталанбас үшін көктемнен бастап залалсыздандыру жұмыстарын күшейтеміз дейді жергілікті әкімдік өкілдері.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде