{metadescription}
КТК: «Иірім» деректі фильмі жексенбі сайын көрерменге мотивация бермек
КТК: «Иірім» деректі фильмі жексенбі сайын көрерменге мотивация бермек

КТК: «Иірім» деректі фильмі жексенбі сайын көрерменге мотивация бермек

КТК-да жаңа жоба! Жексенбіден бастап «Иірім» деректі фильмдер топтамасы көрерменге жол тартады. Бағдарламада тағдыр сынағына сынбай қиындықты жеңіп шыққан кейіпкерлердің өмірі көрсетіледі.

Жобада жан сырын ақтаратын кейіпкерлер қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар, тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны, тіпті өнер жұлдыздарына дейін бар. Бағдарламаның алғашқы саны 8 қыркүйекте шығады. Онда бір аяғынан айырылған жасөспірімнің оқиғасы көрсетілмек. Кейіпкер мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан, ерік-жігерінің арқасында паражүзуден Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанған.

Жексенбі сағат 21:00-де КТК арнасы қосулы болсын. Жобаны төрт автор жасайды; Гүлмира Әбіқай, Жазира Бегалы, Аруна Ортай, Асқарбек Қазанғап.

Асқарбек Қазанғап, «Иірім» бағдарламасының продюсері:

 – Әркімнің өз тағдыры, басынан кешкен оқиғасы, жіберген қателігі, өкініші, қуанышы бар. Бағдарламаға, шынында, өмірінде небір жағдайды бастан кешіріп, сын сағатта сүрінбей, аяғынан тік тұрып алға жылжыған, мотивациясы, түйген-пікірі бар кейіпкерлердің хикаясы «Иірім» деректі фильміне арқау болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде