2025 жылы базалық зейнетақы өсіріледі
Келер жылы базалық зейнетақы өседі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі индекстеуге сәйкес, зейнетақы шамамен 42 мыңнан 44 мыңға өседі деген болжамымен бөлісті.
Автор: Айжан Шамшидин
10.09.2024
Светлана Жақыпова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
— Бүгінде базалық зейнетақы төлемінің орташа мөлшері шамамен 42 мың теңге. Болжам бойынша, келесі жылдан бастап индекстеу 44 мыңға жуық болады. Базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, зейнетақының орташа мөлшері бүгінде шамамен 152 мың, ең көбі 197 мың теңге болады. Индекстеуге сәйкес барлық көрсеткіш көтеріледі.
Алдағы екі жылға мемлекеттік бюджеттің жоба сметасын қазір талқылап жатыр. Дәл осы қалпында бюджет бекітілсе, 2025 жылы ең төменгі айлық 85 000 теңгені, мемлекеттік базалық ең төменгі төлем 32 360 теңгені, төменгі зейнетақы мөлшері 62 771 теңгені, ал бір айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3932 теңгені құрайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!