{metadescription}
Тасқын: Құлсарыда 60 отбасы жиһаз, техникамен жабдықталған жаңа баспанаға кірді
Тасқын: Құлсарыда 60 отбасы жиһаз, техникамен жабдықталған жаңа баспанаға кірді

Тасқын: Құлсарыда 60 отбасы жиһаз, техникамен жабдықталған жаңа баспанаға кірді

Атырау облысында тасқыннан зардап шеккен тұрғындар баспаналы болды. Құлсарыда жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлердің 60-ы пайдалануға берілді. Маусым айында басталған құрылыс үш айдың ішінде аяқталды.

Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов 60 отбасына жаңа үйлердің кілтін табыс етті. Типтік үлгідегі үйлердің әрқайсысы 100 шаршы метрді құрайды. Барлығына инженерлік инфрақұрылым тартылған. Құрылысты салған мердігерлер әр шаңыраққа жиһаз, тұрмыстық техникаларды қосымша сый ретінде берген. Сондай-ақ жаңа ықшамауданның тоғыз көшесіне тасжол төселіп жатыр. Құлсарыдағы 80 үй “Қазақстан халқына” қоғамдық қорының қаржысына, 20-сы жергілікті бюджет есебінен салынып жатыр. Құрылысқа сегіз мердігер мекеме жұмылдырылған.

Жәмилә Кемалова:

Көптен күткен қуанышымыз орындалып, қала әкімшілігінің атынан үй беріліп жатыр. Құтты болсын, қонысымыз! Қуаныштымыз. Басында көңіліміз босап, қиналдық. Енді бүгін әр заттың қайыры бар дегендей, көптен күткен арманымыз орындалып, міне, баспаналы болдық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде