{metadescription}
Президент шетел асатын бизнесмендерге тағы бір ескерту жасады
Президент шетел асатын бизнесмендерге тағы бір ескерту жасады

Президент шетел асатын бизнесмендерге тағы бір ескерту жасады

«Шалғайда шалқып жүріп егістік басына келмейтін шаруадан қайыр шамалы». Қостанай облысында жұмыс сапарымен жүрген Президент жерден тапқанын алып, орталыққа немесе шетел асатын бизнесмендерге тағы ескерту жасады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Жолдауда нақты айттым. Әрине, өнімді жұмыс істеп, жерді күтіп-баптап, елге пайдасы тиіп жатқан шаруаларды әрдайым қолдаймыз. Ал жылына шаруашылық жеріне екі-үш рет қана келіп, табысын алып, өзі Алматыда болмаса, шетелде тұратын жер пайдаланушылардың бізге қажеті жоқ. Олармен әлі айналысамыз. Бұл жөнінде бүгін әкімге тапсырма бердім.

Мемлекет басшысы өңірдегі бірқатар өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы нысандарын аралады. Қостанай облысында биыл 5 миллион гектарға дән себілген. Мұнда элиталық тұқымның үлесі мен минералды тыңайтқыш себу көлемін ұлғайту арқылы астық өнімділігін арттыру жоспарланып отыр.

Мемлекет отандық фермерлерді қолдауды жалғастыра береді деді президент. Ал келер жылдан бастап облыста алғашқы KIA автомобильдері шығарылады. Зауыт құрылысын бүгін мемлекет басшысы барып көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаев шойын балқыту зауытында да болды. Мұндағы 30 робот анағұрлым күрделі технологиялық операцияларды орындайды екен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде