Үлкен Алматы тауында адасқан жеті турист құтқарылды
Тауға шыққан туристер адасып кеткен. Жеті адам Үлкен Алматы шыңын бағындырмақ болып, ақыры оларды тікұшақпен құтқаруға тура келді.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
10.09.2024
Тауға серуенге шыққан туристерге мамандар он сағаттан аса уақыттан соң, түнгі сағат екі жарымда жеткен. Сөйтіп олар таңға дейін тікұшақ қона алатын жерге жаяу түседі. Адасқандардың арасында жасөспірім ұл да бар. Ол тауда аяғын жарақаттап алып, жүруі қиындаған. Әрі туристер әбден тоңып қалыпты. Сондықтан әрі қарай оларды қалаға тікұшақпен жеткізді. Зардап шеккен ұл баланы жедел жәрдем қызметкерлері бірден ауруханаға алып кеткен. Ал жеті адамның біреуі төменге өз бетінше түсіпті. Құтқарушылар туристердің шыңға дайындықсыз шығып және жолды білмегенін айтады.
Серғазы Әбдіқадыр, Республикалық жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы:
– Дайындықсыз жүргеннен кейін және де тауға арналған құрал-жабдықсыз шыққан. Жолды да білмей, адасып кеткен. Негізінде олар таңғы сағат 5-те шыққан екен. Жартасқа барып ,сол жерде тұрып қалып, кешке жақын түсе алмай қалған. Ол жерде қар, қатты тоңған. Содан құтқарушыларды шақырған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!