Декларация: 90 мыңға жуық алматылық әлі дерек тапсырмаған
Мүлік туралы деректі 90 мыңға жуық алматылық әлі тапсырмаған. Ал жалпыға бірдей декларацияның аяқталуына небәрі алты-ақ күн қалды.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
10.09.2024
Биыл меншігі туралы мәліметті бизнес өкілдері, жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар мен олардың жұбайы өткізіп жатыр. Олар биыл шетелдегі мүлкі туралы, кейін Қазақстанда тіркелген пәтер мен көліктеріне қатысты дакларация тапсырады. Бұл санатқа 350 мың алматылық кіріпті. Қазір оның 255 мыңы, яғни 75 пайызы өткізген. Қалған 87 мыңы енді 15 қыркүйекке дейін тапсырып үлгеруі керек. Уақытында реттей алмағаны ескерту алып, кейін 51мың теңге көлемінде айыппұл арқалайды.
Негізінде салық декларациясын тапсыруға көп уақыт кетпейді. Мемлекеттік кірістер комитетінің веб порталында, Egov және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшасын пайдаланып, бір-екі минутта тапсыра аласыз. Қазір Алматының өзінде мүлік туралы мәліметті күніне 6-7мың адам тапсырып жатыр.
Абай Әлі, Бостандық аудандық мемелекеттік кірістер басқармасының басшысы:
— 15 қыркүйекке дейін салық төлеуші өз міндеттемесін орындамаса, әкімшілік хаттама толтырылады. Хаттамада ескерту жарияланады. Егер бір жылдың ішінде тапсыруға мүмкіндігі болмаса, 15 АЕК төлеуге тура келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!