{metadescription}
0:000:00
СҚО: Кәсіпорындар жұмысшы мамандарды көптеп тартуда

СҚО: Кәсіпорындар жұмысшы мамандарды көптеп тартуда

Еліміздің солтүстігінде жұмысшы мамандарға деген сұраныс артты. Әсіресе жастар кәсіптік білім алып, техника тілін меңгеруге құштар. Өйткені аймаққа келіп жатқан кәсіпорындар жұмысшы мамандарды көптеп тартуда. Қазір ауыр техника шығарып сатумен айналысатын зауыт жаңа қызметкерлермен толықтырылған. Арасында студенттер де бар. Техникалық білімін тәжірибемен ұштастыру үшін ауылға ат басын бұрған мамандармен КТК тілшісі тілдесті.

Илья Дурников Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіптік педагогика колледжінің екінші курс студенті. Ол механизатор мамандығын таңдағанда маңайындағы достары таңданғанын айтады. Қалада өскен жігіт алқап басындағы алып техникаларға қызмет көрсетуді үйреніп жүр. Істен шыққан техниканы қайта қалпына келтіру оңай шаруа емес дейді.

Илья Дурников, Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіп педагогика колледжінің студенті:

Қалада өстім. Бірақ бес жылдан бері жазғы демалысты ауылда өткізіп жүрмін. Шаруа техникалырымен де осы кезде таныстым. Маған достарыммен бірге алқапта жұмыс істеген қатты ұнады. Сондықтан осы мамандыққа түсуге шешім қабылдадым.

Ол колледждегі студенттерге жасалған жағдайға дән риза. Оқу сыныптары мен зертханаларда қажетті құралдың бәрі бар. Ең бастысы, заманға сай техниканы оқулықтан емес, көзбен көріп, қолмен ұстауға болады. Ол үшін үлкен автосолондар мен зауыттарға да жиі апарады.

Максим Яварович, Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіп педагогика колледжі жанындағы құзырет орталығының жетекшісі:

 «Жас маман» бағдарламасымен жабдықтарды жаңарттық. Оның ішінде жеңіл және ауыр көлік, автобус, трактор, комбайн мен техника жөндеуге арналған құралдар бар. Біз болашақ жұмысшы мамандарға базалық білім мен жаңа техниканың қыр-сырын үйретеміз. Олар бұл жақтан дайын маман болып шығады.

Бұған дейін кәсіпорындар маман тапшылығын жою үшін жергілікті білім ордаларымен келісімге келген. Онда студенттер зауыт ішінде практикадан өтіп білімін жетілдіреді. Елімізде баламасы жоқ қазақ-неміс бірлескен кәсіпорыны жақында ғана білікті студенттерді іріктеп алған. Арасында Илья Дурников та бар. Енді оның заманауи техника шағыратын зауытқа жұмысқа қалуына мүмкіндігі бар.

Сергей Жолик Серіктестік жетекшісі:

Маман тапшылығы мәселесімен үнемі ұшырасып отырамыз. Өкінішке қарай, көп жыл бойы жұмысшы мамандығына деген көзқарас дұрыс болмады. Тіпті үлгерімі нашар оқушыларға «зауытқа жұмысқа барасың» деп қорқытытын болған. Қазір бәрі өзгеріп келеді. Қазір, керісінше, жұмысшы мамандығының болашағы бар, табысты жұмыс саналады.

Зауытта жастар тәжірибеден өтіп қана қоймай, стипендия да алады. Сондай-ақ әлеуметтік пакет те қарастырылған. Ал бұл жерде жұмыста қалғандарға жоғары жалақы төленеді. Бұл жас мамандарға үлкен мотивация.

Илья Дурников, Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіп педагогика колледжінің студенті: 

Мен жаңа техника жөндейтін серіктестік ашып, өз бизнесімді бастағым келеді. Өйткені болашақта мұндай қызметке сұраныс артады деп ойлаймын. Әсіресе ауылды жерде жаңа техниканың тілін көпшілік түсінбейді. Жоспарды жүзеге асыру үшін қазір арнайы практикадан өтіп, күн сайын көп нәрсе үйреніп жатырмыз.

Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіп педагогика колледжі 12 түрлі маман дайындайды. Дені техника салысында қызмет көрсетуге бағытталған жұмысшы мамандықтар. Қазір бұл кәсіп иесі атану да оңай емес. Өйткені еңбегі жоғары бағаланатын мамандыққа қызығатындар саны көбейген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде