{metadescription}
«Томирис патшайым». Мектепке балгер шақырып шоу көрсеткен директор қызметінен кетті
«Томирис патшайым». Мектепке балгер шақырып шоу көрсеткен директор қызметінен кетті

«Томирис патшайым». Мектепке балгер шақырып шоу көрсеткен директор қызметінен кетті

Жамбыл облысында өзін «Томирис патшайым» деп таныстырған балгерді мектепке шақырып шоу көрсеткен директор қызметінен босатылды. Халық арасында өзін емші ретінде насихаттап жүрген әйелді күтіп алу рәсімінен түсірілген видео қоғамда қызу талқылынды.

Атышулы емші ауыл мектебін аралап, көпшілікпен кездескен. Оны күтіп алуға мектеп ұжымы қаржы жинаған көрінеді. Арты шуға ұласқан шоудан кейін Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары мен мектеп директоры қызметінен босатылды. Ал аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы мен Тереңөзек ауылы әкімі қатаң сөгіс алған. Балгер-емші «өз миссиясын» оқушыларға «қайырылымдылық жасау мақсатында келдім» деп түсіндіріпті. Әкімдіктің мәліметінше, халық емшісі Тереңөзектегі ауыл мектебінің түлегі екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде