{metadescription}
«Не үй, не ақша жоқ». Ақтөбеде құрылыс компаниясын жауапқа тартуды сұрап отыр
«Не үй, не ақша жоқ». Ақтөбеде құрылыс компаниясын жауапқа тартуды сұрап отыр

«Не үй, не ақша жоқ». Ақтөбеде құрылыс компаниясын жауапқа тартуды сұрап отыр

Ақтөбеде құрылыс компаниясына алданған тұрғындар екі жылдан бері ақшасын ала алмай жүр. Олар баспана салу үшін фирма қызметіне жүгініп, ақысын алдын ала төлеп қойған. Бірақ осы күнге дейін не үй, не ақша жоқ. Алданған он шақты тұрғын сотқа да жүгінген. Шығынды өтеу туралы шешім де бар. Бірақ құрылыс компаниясы көк тиын қайтармаған. Жиналғандар енді компания басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғауды талап етіп отыр.

Жер үй саламын деп, маңдай термен тапқан ақшасынан айырылғандардың осы уақытқа дейін арыз жазбаған жері қалмапты. Барлығы құрылыс компаниясының әлеуметтік желідегі әдемі жарнамасына сеніп қалған. Іргетасын құйып, қабырғасын қалап, шатырына дейін сапалы жабуға миллиондаған ақшаны бірден ұстата салған. Енді фирмаға берген ақысын екі жыл даулап жүр.

Мәлік Жаманқұлов:

Ақша да аудармаған, материал да жоқ. Екі жарым жыл болды, ақшамды ала алмай жүрмін, материал да жоқ. Талабым ақшаны қайтарсын. Моральдық, материалдық шығын өндірілсін. Үйімізде осыған бола күнде айқай.

Құрылыс компаниясынан шығынды өндіру туралы сот шешімі де бар. Бірақ соған қарамастан қызметін тек Ақтөбеде емес, көрші өңірлерде де жалғастырып жатқанын айтады.

Талғат Өстекенов:

7 миллион жүз мың теңге. Сосын 13 миллион 900 мың қолма-қол бердік. Үй салып берем деген. Содан үйімізді де салған жоқ. Алдап кетті. Әлі осы халықты алдайды. Жарнама береді, шақырады. Тіпті Ақтөбе, «Атыраустрой», «Орал строй», «Ақтаустрой» сам деген фирмалары жетеді. Алдап жүр.

Тұрғындар қаншама адамды сан соқтырған құрылыс компаниясының басшыларын қылмыстық жауапқа тартуды талап етеді. Бірақ тәртіп сақшылары бірнеше рет істі жауып тастаған. 

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс қысқартылды. Себебі бұл жерде қылмыс құрамы болмаған. Жәбірленушілерге азаматтық сотқа ұсыныс берілді. Келтірген шығынды сот арқылы арыз жазуға мүмкіндігі бар.

Құрылыс компаниясы кеңсесін жиі ауыстырады екен. Жұмыс орнынан басшыларын табу мүмкін болмады. Тек телефон арқылы тұрғындарға әдеттегідей түсініктеме берді. Директоры екі жүздей адамға көрсетілмеген қызмет үшін қарыздар екенін мойындайды. 

Шот жабық тұр. Бұл  бір. Сосын 2022 жылы бұғатталған. Көп адамның ақшасын төлеп тастадым. Екі жүз адамның. Сосын қалған адамдарға, бұйырса, жайлап, беремін.

Тұрғындар құрылыс компаниясы басшыларының уәдесіне тойдық деп отыр. Күнде ертеңнен шаршаған олар қылмыстық жуапқа тартпайынша, мәселе шешілмейтінін айтады. Өзгелердің де сан соғып қалмауына себепші болады деген сенімде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде