Вейп: Талдықорғанда мыңнан астам электронды темекі тәркіленді
Елімізде заңға қарамай, вейп сататындар азаймай тұр. Талдықорғанда тағы мыңнан астам электронды темекі тәркіленді.
Автор: Шапағат Мырзабекова
11.09.2024
Полицейлер аталмыш шылым түрін саудалап кәсібін заңсыз дөңгелетіп отырған екі жігітті ұстады. 22 жастағы кәсіпкер сауда-саттыққа жауапты болса, 18 жастағысы тапсырыс жеткізетін курьер болған. Анықталған тауарлардың жалпы құны 7 миллион теңге. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталып кетті.
Вейп сатуға тыйым салынған заң күшіне енгелі бұл — Жетісу облысында тіркелген алғашқы қылмыс.
Мәди Бағдат, Жетісу облысы ПД КПБ бастығының орынбасары:
— Жетісу облысы полиция департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру барысында заңсыз электрондық темекі сату бойынша Талдықорғанның екі азаматын ұстады. Тінткен кезде 1284 дана вейп тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!