{metadescription}
АЭС: Атом энергетикасына қатысты сауалды арнайы ақпарат орталығына қоюға болады
АЭС: Атом энергетикасына қатысты сауалды арнайы ақпарат орталығына қоюға болады

АЭС: Атом энергетикасына қатысты сауалды арнайы ақпарат орталығына қоюға болады

Елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда атом электр станциясы салынуы қажет. Осылай деген АЭС құрылысын қолдау жөніндегі халық штабы 6 қазанда өткізілетін референдумға шақырып отыр. Ал оған дейін жұртқа жаңа жобаның тиімділігі мен маңызын түсіндіре бермек.

Мұхаммед Болысбек, Астана қаласы халық штабының мүшесі:

Қоғамда қорқыныш бар, қоғамда үрей бар. Көптеген сұрақ бар. Ол сұрақтарға біз дұрыс жауапты қарапайым тілмен, халықтың сөзімен жеткізуіміз керек. Үрейін сейілтуіміз керек.

Бұл маңызды іске 20-дан астам қоғамдық бірлестік, 6 партия мен 130-ға жуық адам белсене кіріскен. Олар болашақтың кепілі болады деген жаңа жоба АЭС құрылысының дәл бүгін ауадай қажет екенін үлкенге де, кішіге де түсіндірмек. Атом энергетикасы тұрғысында сауалы бар қарапайым халық арнайы ақпарат орталығына хабарласып жауабын ала алады.

Әртүрлі ұйым мен мекемелерге, жастар арасында кездесу өткізбекші. Штаб құрамында энергетика саласының мамандары да бар. 

Тимур Жантикин, «Қазақстан атом электр станциясы » ЖШС бас директоры:

Бізде шикізат қана өндіріп, энергоресурсты сыртқа шығарамыз. Есесіне, өндірістік өнімді дамыған елдерден сатып аламыз. Егер бұл жобаны 90-шы жылдары бастасақ, дәл қазіргідей проблема болмас еді. Біз қазір АЭС салумен қатар, жалпы атом энергетикасы саласын дамытуды да қолға алуымыз керек. Референдумда атом электр станциясы салынатын болып шешілсе, онда экономикамыздың да тұрақты дамуына жол ашылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.