{metadescription}
Көшпенділер ойындарының төртінші күні қалай өтті?
Көшпенділер ойындарының төртінші күні қалай өтті?

Көшпенділер ойындарының төртінші күні қалай өтті?

Ұлттық спорт түрлерінен Көшпенділер олимпиадасына баланған ең ірі доданың төртінші күні де талас-тартысқа толы болды. Бұл жолғы жарыс нәтижесінің қорытындысында Қазақстан алтын, күміс, қола жүлде еншіледі. Әзірге ұлттық құрама ең көп медаль иеленген елдер тізімінде байрақты бәсекенің алдын бермей келеді.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында күні кеше балуандар қазақ күресінен өзара мықтыны анықтаса, бүгін қырғыздың күрес стилінен бақ сынасуда.

Қырғыздың ұлттық белбеу күресі саналатын алыштан ерлер мен әйелдердің әрқайсы 6 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Жекпе-жек тек тік тұрған күйде өтеді. Әр балуанның мақсаты – белбеуін жібермей, қарсыласын жауырынына жығу.

Жалпы бұл спорт түріне 35 мемлекет қатысуға ниет білдірген. Барлығы 192 балуан шеберліктерін дәлелдейді. Күрестің бұл түрі бізге таңсық емес. 2007 жылдан бастап «алыш» белбеу күресі елімізде қарқынды дамып келеді. Көшпенділер ойындарының басынан бері спорт бағдарламасынан түспей, қатысушы елдер қатары біршама артқан.

Секен Қалиев, Алыш күресінен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы:

Орталық Азияда жақсы дамыған спорт түрі. Жыл сайын іріктеу өткіземіз, әр жаста ҚР чемпионаты өтеді. Төрт деңгейлі оқу-жаттығу өтті. Дайындық өте жақсы. Өз жерімізде болғаннан кейін, Алла қаласа, әрине, көп алтын болғаны бізге жақсы ғой.

Тағы бір ұлттық ойындардың бірі асық атудан асығымыз алшысынан түсті. Ерлер құрамасы өз тобында қарсыласына шақ келтірмей, алғашқы орынмен финалға шығып, жауапты сында Қырғызстанның асықшыларын 2:1 есебімен жеңді. Айта кетейік, «асық ату» биыл алғаш рет көшпенділер ойынының бағдарламасына енгізілген.

Ескендір Рахметов, Асық атудан бас төреші:

Ұлттық спорт бекіткен «бес табан» деген ережемен ойнайды. Командада үш ойыншы, бір қосалқы ойыншы бар. Құрамында төртеу. Бәрі әділ. Қайта біздің ойынға бар ынтасымен қызығып, өз мемлекетімізде ойнасақ, осыны дамытсақ, бізге қандай көмек бере аласыңдар деген сияқты көп сұрақ қойылып жатыр.

Алау мұз сарайы алаңында арқан тартыс та доданың көркін қыздырды. Ереже бойынша әр құрамадағы спортшылардың салмағының қосындысы ерлер арасында 720, ал әйелдер арасында 560 келіден асып кетпеу керек.

Жандос Қонысбаев, Арқан тартыстан бас төреші:

Арқан тартыс әлемде бұрыннан бар. Көшпенділер ойындарында да өтті. Бұған дейін фестиваль форматында өтсе, мына жерде толық спорттық бағытқа ойысты, икемделді. Алаң арнайы халықаралық деңгейде тартып жүрген алаңның жабдықтарын алдырдық. Құрал-жабдық соған сәйкес.

Жарыс нәтижесі бойынша ерлер құрамасы финалда Ресейден 1:2 есебімен есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде