Магеррам Магеррамов: Қылмыстық жауапқа тарту жасын 12-ге дейін түсіру керек
Қолымен істегенді, мойнымен көтерсін! Депутаттар заң алдында жауап беретін, қылмыстық жауапқа тарту жасын 14-тен 12-ге дейін түсіруді ұсынды. «Бала» деп басынан сипаған сайын ұры-қары атанып, қатарластарына күн көрсетпейтіндер көбейген.
Автор: Айжан Шамшидин
11.09.2024
Әсіресе мектеп қабырғасында бұғанасы қатпаған сыныптастарын сабап, ұялы телефонға мазақтап түсіретіндерге заңдағы жеңіл жаза қарастырылған деп санайды депутат Магеррам Магерраммов. Ал соның салдарынан мектеп теперішіне төзбей, өзіне қол жұмсап жатқандар күн санап артуда. 12 жастан аспаған соң қыз зорлап, біреудің тағдырын ойран еткендерді темір торға тоғыту мүмкін емес. Мұндай жағдайда тек ата-анасына айыппұл салынады. Құзырлы органдарға жіберілген депутатат сауалының негізінде арнайы заңды қайта қарау тобы құрылуы мүмкін.
Магеррам Магеррамов, Мәжіліс депутаты:
— Зорлық-зомбылық, ұрлық-қарлыққа ертеректе жасы үлкендер ғана баратын. Қазір бала жасына қарамастан, мектепте қатарластарына күн көрсетпей, буллингке ұшырататындар көбейіп кетті. Соның салдарынан қанша бала езгіні көтере алмай, өзіне қол салып жатыр. Жасы небәрі 12-де болса да, қыз зорлаған да кездесіп жатыр. Барлығына тек ескерту берумен, ата-анасына айыппұл салумен шектелеміз. Сондықтан жауапкершілікті сезіну үшін заңды қатаңдату керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!