Мұратхан Тоқмәди бостандыққа шықпайды — 10 жарым жылын өтейді
Мұратхан Тоқмәди мерзімінен бұрын бостандыққа шықпайтын болды. Бүгін Қонаев қаласының соты «Шыны королін» мерзімінен бұрын босату туралы шешімнің күшін жойды. Яғни, енді ол осыған дейін кесілген 10 жарым жылын толық өтеуі тиіс.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
12.09.2024
Бүгін сотта марқұм Ержан Тәтішевтің баласы әкесін өлтірген қылмыскерді аямауды сұрады. Ал Тоқмәдидің өзі балалары мен немерелері барын алға тартып, мерзімінен бұрын бостандыққа жіберуді өтінді.
Еске салсақ, оның түрмеден шығатыны туралы тамызда белгілі болған. Алайда жәбірленуші тарап бұл туралы мүлдем хабарсыз болыпты. Қылмыскер жеті жыл бұрын қамауға алынып, «бопсалау», «заңсыз қару-жарақ сақтау, сату және тасымалдау» баптары бойынша үш жылға сотталған еді. Кейін түрмеде жатып, 13 жыл бұрынғы қанды қылмысты істегенін мойындады. Яғни «Тұран Әлем банк» төрағасы Ержан Тәтішевті қасақана өлтіргені туралы айтып берген. Сол кезде қылмысты қашқын олигарх Мұхтар Әбіләзовтің тапсырысымен жасағанын мәлімдеген. Бұл үшін Әбіләзовтан 4 миллион доллар ақша алған. Осылайша 2018 жылдың наурыз айында оған тағы үкім кесіліп, Тоқмәди он жарым жылға сотталды. Енді ол сол жазасын толық өтейтін болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!