{metadescription}
Адам ағзаларын сатып ақша тапқан
Адам ағзаларын сатып ақша тапқан

Адам ағзаларын сатып ақша тапқан

Адамның ішкі органдарын сатып ақша тапқан. Жыл басынан бері ішкі істер министрлігі осындай 15 қылмыстық істі ашқан. Тұла бойыңды шымырлататын сұмдық деректердің ішінде адам саудасымен айналысуды кәсіпке айналдырғандар да бар. 

Шым-шытырық істерде сотталғандар көршілес мемлекеттердің қылмыс әлеміндегі серкелерімен тығыз байланыста болған. Ізін жасыру мақсатында шетел асқандардың соңынан түсіп, тінткен кезде, аталған деректер біртіндеп шыға бастаған.

Ішкі істер министрлігі айналдырған екі жылда адам саудасымен айналысқан бірнеше топты құрықтап, түрмеге тоғытқан. Мәселен, жуырда құзырлы орган Бахрейнге сатылып кетудің алдында тұрған бірнеше қазақстандықты аман алып қалыпты.

Шынар Көшербаева, ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары:

 Жыл басынан бері 134 қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде адам ағзасын саудалаған  15, адам саудасына қатысты  2, жезөкшеліке, кәмілетке толмағандарды тартуда 12, жеңгетайлық бойынша  77 іс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде