{metadescription}
Жаңғырту: Балқаш әуежайындағы ұшып‑қону жолағы жөнделіп жатыр
Жаңғырту: Балқаш әуежайындағы ұшып‑қону жолағы жөнделіп жатыр

Жаңғырту: Балқаш әуежайындағы ұшып‑қону жолағы жөнделіп жатыр

Балқаш әуежайындағы ұшып‑қону жолағы күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бұрын бұл жер тек шағын ұшақтарды ғана қабылдай алатын. Қайта жаңғыртудан өткесін әуе қатынасы жанданады деген сенім бар. Енді жолаушы санын көбейтіп, туристік аймаққа келушілердің санын арттыру жергілікті шенеуніктердің жұмысы. Өйткені бұл бағытта президент берген бірқатар тапсырмасы бар.

Балқаш әуежайы осы аптада соңғы рейстерді қабылдап аттандырады да, толық жабылады. Әуежай қыс мезгілі мен түнгі уақытта ұшақ қондыра алмайды, оның үстіне ұшып қону алыңын жыл аяғына дейін жөндеп бітіру керек. Жолаушылар ұшақ қатынасының қалаға аса қажет екенін айтады. Мемлекет билетті субсидияламаса да, уақыт үнемдеу үшін қаражат аянып қалмайтындар көп көрінеді.

Жаслан Байкенов жолаушы:

 Мысалы Астана немесе Алматы бағытына, 9 мың Астанаға, Алматығы 14 мың болды ше. Ол кезде де адамдар ұшты, қазір Алматыға екі есе тариф қойып тастады, 29-30 мың теңге, соның өзінде адамдар ұшып жатыр. Өйткені 8-10 сағат құртқаннан гөрі, сол 30 мың теңгені беріп, баратын жерімізге тез барғанымыз жақсы. Сосын Астанана алып тастады. Оны да қосса жақсы болар еді.

Әуе қатынасын пайдаланатындардың 70 пайызы туристер. Күн суыса, олардың да қарасы сирейді. Сондықтан күрделі жөнеудің қарқыны да осы кезде қызбақ.

Ұшып-қону алаңының 37 мың шаршы метр жеріне бетон құйылған. Астындағысы бірінші қабаты, ал екінші қабаты ауыр салмақтарға шыдас беру үшін темір араластырып құйылып жатыр. Сапаға деген бақылау да күшті. Оған дәлел тексерістен өтпей қалып қайта бұзылған  үйінділер.

Алаңдағы жұмысты жыл аяғына дейін, ал әуежай ғимаратын келесі жылы аяқтау жоспарда бар. Ұшақтарға арнайы тұрақтар салу да көзделген. Оған бюджеттен 4 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінгелі отыр. Шенеуніктер бұл жоба іске асырылса, Қазақстан кіндігіндегі Балқаш өңіріне туристер қысы-жазы қатынайды деген сенімде.

Руслан Сыздықов, Балқаш қаласы әкімінің орынбасары:

Демалушылардан көп ұсыныс түседі, Балқаш қаласына жетуге, мысалы, шалғай жатқан аудандарымыздан, қалаларымыздан келу қиын. Осындай шешім қабылдадық. Толығымен әуежай жөнделіп, Қазақстан ішінде әуе бағытын ұлғайтамыз.

Дегемен мамандар әуе қатынасын қалыпта ұстау мен әуежайдың тіршілігін қамтамасыз етуде мемлекет көмегі керек екенін жасырмайды.

Мейрамбек Мырзахметов, Балқаш әуежайының директоры:

Рейстер субсидияланған жағдайда ғана Алматы –Балқаш-Астана бағытын жыл он екі ай қабылдауға мүмкіндігіміз болады. Түркістанға дейін ұшып, мына жағымыз Жезқазғанды да қамтуға шама келер еді. Жезқазған мен Балқаш «Қазақмыс» корпорациясының өндірістері бар өңірлер ғой. Жұмыс бабымен оларда қатынас үнемі жүреді.

Әуежай соңғы төрт жылда түнгі рейс қабылдамады. Өйткені ұшып-қону алаңдардында шам жанбай қалған. Жөндеу басталғалы бері шағын ұшақтар көршілес әскери аэродромнан ұшып жүр. Болашақта су жаңа бетонға халықаралық рейстерді қондырамыз дейді мамандар.

Әуежай қызметі қызықты деректерімен де бөлісті. Ұшақтан-ұшақ ауыстырып Балқашқа әрең жететін шетелдік туристердің басым бөлігі Германия азаматтары.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде