{metadescription}
Алматы тұрғыны өзінің негізсіз сотталып кете жаздағанын мәлімдеді
Алматы тұрғыны өзінің негізсіз сотталып кете жаздағанын мәлімдеді

Алматы тұрғыны өзінің негізсіз сотталып кете жаздағанын мәлімдеді

Қылмыстық істі бұрынғы тергеушінің атынан жүргізгені қалай? Осылай деген алматылық ер адам өзінің негізсіз сотталып кете жаздағанын мәлімдеді. Айтуынша, қылмыстық іс сол сәтте ішкі істер органдарында жұмыс істемеген полицейдің атынан жүргізіліпті.

Ырысбай Әмірғазы:

 – Жұмыстан шығып кеткен қызметкердің атынан, жоқ адамның атынан, бүкіл қылмыстық істі өтірік құжат жасап, жүргізіп, сотқа түсірген және мені заңсыз түрде қылмыстық істің құрамы болмаса да, соттап жібермекші болды. Менің адвокаттарым полиция департаменті кадрларды басқару, қаржымен қамтуды басқару бойынша сұраным салып, ол азаматтың, жұмыстан шығу рапортын, қай тараптан бастап жалақы, ақшасы тоқтатылғаны және ең бастысы, сол адаммен адвокатым кездесіп, сұрап, өзінің мойындағанын айтып отырған сөздері бар.

Тіпті экс-тергеуші бұл іс туралы мүлдем білмейтін болып шықты дейді. Қылмыстық іс наурыз айында қозғалса, тергеуші ай ай бұрын, яғни қаңтар айында өз еркімен қызметінен босатылған көрінеді.

Айта кетейік, Ырысбай Әмірғазыға қатысты іс сот шешімін орындамау дерегі бойынша қозғалған. Дау о баста бұрынғы әйелімен балаға таластан басталыпты. Ол істің бұған дейін екі рет қысқартылғанын айтады. Алайда үшінші рет қайта көтеріліп, үкімге жақындаған тұста тергеуге кері жіберіледі. «Қылмыс құрамы да жоқ еді» деген ер адам өзін сот шешімімен ақтауды талап етіп отыр. Алатау ауданы прокуратурасы бүгін бұл жағдайға қатысты жауап бермеді. Ал полиция департаментіндегілер тергеушінің сол кезде жұмыс істемегенін жоққа шығарды. Яғни полицей «ешқашан қызметінен кетпеген» деп отыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі:

Бұл істі тергеген тергеуші Алматы полиция департаментінің құрамында жұмыс істеп жатыр. Жұмыстан ешқашан босатылған жоқ. Бұл істі тергеп, сотқа жеткізген де осы қызметкер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде