{metadescription}
Павлодар облысы: Майкүбе ауылы өркениеттен қалыс қалған
Павлодар облысы: Майкүбе ауылы өркениеттен қалыс қалған

Павлодар облысы: Майкүбе ауылы өркениеттен қалыс қалған

Павлодар облысында бүтін бір ауыл өркениеттен қалыс қалған. Баянауыл ауданындағы Майкүбе ауылының тұрғындары тәуліктеп жарықсыз отырамыз деп шағымдануда. Жолдары сын көтермейді екен. Кіреберіс жол шұрық-тесік болса, ауылдың ішінде асфальт мүлдем төселмеген. 

Мақтаулы Баянауыл ауданындағы өркениеттен құр қалған Майкүбе ауылында екі жүзден астам халық бар. Бүгінде жарық мәселесі жергілікті жұрттың басты уайымына айналған. Өйткені бір жыл бойы тәуліктеп жарықсыз отыр. Азық-түлігіміз бұзылып, балаларымыз сабағын қараңғыда қарауға мәжбүр, дейді тұрғындар.

Шәкар Тоқтамысова:

Жарық екі күннің бірінде өшеді. Жел тұрса, жарық жоқ. Кейде төрт тәуліктеп жарықсыз отырамыз. Тамақ бұзылып, жеуге жарамыз болып быршып кетеді.

Жарықтан қағылған майкүбеліктер жол азабын да тартып келеді. Ауылдағы шұрық-тесіктен айналып өту де мүмкін емес. Тұрғындардың айтуынша, кедір-бұдыр жолдан көліктер де жиі бұзылады.

Баянауылға қарасты Майкүбе ауылына апарар жалғыз жол. Тоз-тозы шыққан жолмен тұрғындар қалаға апарар даңғылға шығады. Кірберес жол деген аты ғана. Жөндеу көрмеген бұл жермен адам түгілі, көліктің өзі әрең өтеді. Шұрық-тесік жол жаңбыр жауса, балшыққа айналады. Бұл маңға жедел жәрдем де келмейді екен. Жол азабын тартқандардың бірі Мейіз Ахауова. Кейуана осыдан екі жыл бұрын жарынан айырылған. Кенет ауырып жағдайы нашарлаған жолдасының көлігі соқпақтағы батпаққа батып, ер адам кіреберіс жолда ауруханаға жетпей жан тапсырыпты. 

Мейіз Ахауова:

Отыз жылдан аса тұрамын. Содан бері осы жол мәселесі. Қаншама жылдан бері айтып келеміз. Жолдың кесірінен жолдасым да қайтыс болды, инсульт алып, жарты жолда.

Шенеуніктер шұрық-тесік жол келер жылы жөнделеді, дейді. Айтуларынша, бүгінде жоба әзірленіп, ауылға кіреберіс үш шақырымдай жолға асфальт төсеуге 214 миллион теңге бөлінген. Оған дейін ойдым-ойдым жолға кішігірім жөңдеу жүргізіп береміз деп уәде берді.

Бекен Жанахметов, Баянауыл ауданының нақты сектор бөлімі басшысының орынбасары:

Жаңбыр басылған соң, үш км жолды жөндейміз. Ой-щұңқырларын түзеп, келесі жылға дейін жұрт жүре алатындай істеп береміз. Жарыққа келетін болсақ, құжат түгелденгеннен кейін өзіміз құжаттама дайындаймыз. Екі жылдың көлемінде, жобалап айтқанда.

Алайда жарық мәселесі нақты қашан шешілетінін болжау қиын, дейді шенеуніктер. Өйткені алдымен жоба құжатын әзірлеуі керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде