{metadescription}
Сарапшылар: АЭС — елімізге шетел инвесторларын тартуға сеп болады
Сарапшылар: АЭС — елімізге шетел инвесторларын тартуға сеп болады

Сарапшылар: АЭС — елімізге шетел инвесторларын тартуға сеп болады

Атом электр станциясын салу елімізге шетел инвесторларын тартуға сеп болады деп санайды сарапшылар. Бұдан бөлек, мыңдаған қазақстандықтың табысты болуына жол ашатын салалардың бірі.

Мамандар бірауыздан елдің энергия секторын дамыту үшін АЭС салу орынды дейді. Себебі: отандық станциялардың көбінде құрал-жабдық тозған, басым бөлігі 30 жылдан бері қолданыста. Бұл электр станцияларының апат көрсеткіштеріне және тұрақтылығына әсер етеді. Алысқа көз жүгіртпей-ақ, қазірдің өзінде шекаралас мемлекеттердің энергия жеткізушілеріне тәуелділігі байқалып отыр. Ал ол мемлекетіміздің энергетикалық қауіпсіздігіне теріс әсерін тигізбей қоймайды деп санайды сарапшылар.

Алдияр Тоқтаров, Атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығының төрағасы:

Бізде бұған дейін бірнеше жағдай тіркелді. Шетел инвесторы қызығушылық танытып, кәсіп ашамын деп елімізге келеді. Алайда жұмыс жағдайымен танысып-біліскеннен кейін, жобаларын әрі қарай дамытуға мүмкіндік жоқ екенін сезіп, бас тартады. Ауқымды жобаларды жүзеге асыруға үлкен көлемде электр қуаты қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.