{metadescription}
Қазақстан халқы ассамблеясы АЭС салынуын құптап отыр
Қазақстан халқы ассамблеясы АЭС салынуын құптап отыр

Қазақстан халқы ассамблеясы АЭС салынуын құптап отыр

Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері келер жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағанды қолдап отыр. Бұған дейін Президент 2025 жыл — түрлі мамандық иесін қолдау жылы болатынын айтқан.

Этномәдени бірлестік өкілдері әсіресе атом электр станциясы тақырыбына кең тоқталды. Олар елімізде атом электр станциясының салынуын құптап отыр. Себебі, мұның пайдасы электр энергия тапшылығы мәселесін шешуге септігін тигізеді, дейді спикерлер.

Сондай-ақ, жиында Жолдауда айтылған «Әділетті Қазақстанды» құруға бағытталған бірқатар тапсырманы жүзеге асыру жоспары талқыланды. Ел бірлігін нығайту мен азаматтардың құқықтық сауаттылық деңгейін көтеру де басты назарда.

Әбдухалил Долкунтай, Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени орталығының төрағасы:

Жарық мәселесі бізге қиындау. Атом электр станциясы болса, Еуропаға, Бельгияға барғанда көрдім. Америкада 70-тен аса үлкен атом электр сатнциясы бар. Оның бәрінен қорқатын болсақ, дамыған мемлекеттер қатарына қосыла алмаймыз. Қазақстанда 100-ден артық әртүрлі ұлт тұрамыз. Осы ұлттардың бәрі бір ата, бір ананың баласы сияқты, әрбір ұлт өз үлесін Қазақстанға қосатын болса, үлкен, дамыған мемлекеттердің қатарына кіреміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде