{metadescription}
Бірінші орында! Түркістан облысындағы әрбір үшінші ауылға газ тартылған
Бірінші орында! Түркістан облысындағы әрбір үшінші ауылға газ тартылған

Бірінші орында! Түркістан облысындағы әрбір үшінші ауылға газ тартылған

Түркістан облысындағы әрбір үшінші ауылға газ тартылған. Биыл өңірдегі 75 мың тұрғын от жағып, күл шығару машақатынан құтылды. Табиғи газбен қамту көрсеткіші бойынша бұл облыс қазір бірінші орында.

Оразкүл Арыстанбайқызы, Ордабасы ауданының тұрғыны:

Газ деген келгелі жақсы болды. Рахат, күл шығармаймыз, от жақпаймыз. Жылы, үйдің іші тап-таза. Құтылып қалдық, күл шығарғаннан. Рақмет, газ бергендерге! Бұрын бір қыста алты жарым, жеті тоннадай көмір жағатынбыз. Қазір рахат, газ бар. Одан арзан боп тұр.

Былтыр облыстағы 45 елді мекенге газ тартылған. Биыл 54 нысанның құрылысы аяқталып, 47 ауыл көгілдір отынмен қамтылды. Оған бюджеттен 21 миллиард теңге бөлініп, жыл соңына дейін табиғи газ тартылған ауыл саны 557-ге жетуі тиіс. Осылайша халқы тығыз орналасқан өңірдің 85 пайыз тұрғыны от жағудың машақатынан құтылды дейді жауаптылар. Әзірге 14 аудан ішінде тек Созақ ауданында ғана газ мәселесі шешілген жоқ. Десе де шенеуніктер 2027 жыл соңына дейін Түркістан облысын 100 пайыз көгілдір отынмен қамтимыз дейді.

Қуаныш Өмірәлиев, Түркістан облысы энергетика және ТКШ басқармасының бөлім басшысы:

510 елді мекен, 63.5 пайыз, халық бір миллион 700 мың, ол 81.5 пайыз табиғи газбен қамтылған. Ал жыл соңына 557 елді-мекенді табиғи газбен қамтимыз деп отырмыз. Ол пайызбен шаққанда  69. Ал халықпен шаққанда миллион 800 мыңнан астам халықты қамтимыз деп жатырмыз. 85 пайызға есептеп отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.