{metadescription}
Ақтөбеде шыбын-шіркей қаптап, зиянкестерді улауға кірісті
Ақтөбеде шыбын-шіркей қаптап, зиянкестерді улауға кірісті

Ақтөбеде шыбын-шіркей қаптап, зиянкестерді улауға кірісті

Ақтөбеде шыбын-шіркей қаптады. Құжынаған зиянкестерден көшеде еркін жүру қиындаған.

Шыбын-шіркей көбейіп кетті. Ауыз-мұрынға кіріп, жүргізбейді. Қаққыштап, қағып-сілкіп жүрміз. Уланбаған-ау деймін. Уласа екен.

Қалада жүру қиын болып кетті, шыбын-шіркейдің кесірінен. Көзге кіреді. Әсіресе талдың қасында тұрған кезде көзге үймелейді. Қиын болып тұр.

Құжынаған шіркей ақтөбеліктердің мазасын кетіріп жатыр. Мамандар ылғал ауа райы мен тасқыннан кейінгі өзен-көлдердің суға толуы зиянкестердің жұмыртқа салуына қолайлы болған дейді. Жаз шыға маса, шыбын-шіркейді улауға қалаға 73 миллион теңге бөлінген. Орталық көшелер мен саябақтар, Сазды өзенінің бойына осы қаражатқа дезинфекция жасалған. Ал ағаштарды себуге ешбір компания тендерге қатыспаған. Жаз бойы жауған жаңбыр мен күннің ыстығы күзде ұсақ қанаттылардың қаптап кетуіне әкелді дейді шененіктер. Сондықтан қазір улау жұмыстарына қайта кіріскен.

Мирас Әжібаев, Астана ауданы әкімдігінің бөлім басшысы:

Ылғалды болғандықтан, кешке маса, шыбын-шіркей қаптап жатыр. Қазір кімдік тапсырмасымен мердігер мекеме 9 қыркүйектен бастап жұмысын қайта бастап, жалғастырып жатыр. Қазір орталық саябақ өткізіп тастады, триатлон, парк деген жер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.