«Қате жоба». Көкшетауда жаңа төселген асфальтты қайта қопарады
Көкшетауда жаңа төселген асфальт қайта қопарылатын болды. Қопа көлін жағалай салып жатқан жол балабақша мен тұрғын үйлерге тіреліп қалған. Себебі әу баста жобасы дұрыс жасалмапты.
Автор: Мерген Тоқсанбай
13.09.2024
Игорь Овчаров:
— Жаңа жағалау салынып жатқанда қатты қуанған едік. Алайда мынау бұрылысты көргенде қапаланып қалдық. Біздің үйдің қабырғасынан бір метр жерден автожол мен қоса, жаяу жүргіншілер жолағы, веложол салынады. Қазіргі мынау авто тұрақ та, балалардың еркін кіріп-шығатын кең ауласы да болмайын деп тұр.
Жағалаудан қалаға бұрылар тұстағы ескі жолдың орнына жаңа асфальт төселген. Бірақ ол тұрғын үйге тым жақын. Жобаны дұрыс жасамаған шенеуніктер енді төселіп бітуге таяу қалған көшені қайта талқандайды. Ал әуел бастан жобаны дұрыс жоспарламаған. Енді жолға жұмсалған бюджет қаржысын кім өтейтіні әзірге белгісіз.
Әділет Рақымжанов, Көкшетау ТКШ бөлімінің басшысы:
— Тұрғындардан шағым түскен соң, жоба авторы «Көкшедор проект» пен BI Group компаниясымен бұл мәселені ақылдасып, шешеміз деп ойлаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!