Семейде 70 пайызы тозған су құбырлары жаңартылып жатыр
Семейде 20 мыңға жуық абонент ауызсудан қағылды. Тіршілік нәрінің жоқтығынан мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшкен.
Автор: Ұлан Нұрахмет
13.09.2024
Семейдегі су құбырларының 70 пайызы тозған. Сондықтан шаһарда желі жаңартылып жатыр. Бюджеттен 300 миллион теңге бөлініпті. Мамандар шаһардың оң жағалауына ауызсу беруді уақытша тоқтатып, кешелі бері аумақтағы бес мектептің оқушылары қашықтан білім алуда. Суға жауапты мамандар жөндеуді жылдам аяқтап, жұртқа бүгін ауызсу берілетінін жеткізді.
Талғат Мадияров, «Семей су арнасы» МКК, байланыс бөлімінің бастығы:
— Тұтынушыларға біртіндеп су беріліп жатыр. Су берілгенде бірінші камерадан ақау шыққан. Алдында жіберілген суды ағызу керек болды. Біраз уақыт алды. Келтірілген қолйсыздыққа кешірім сұраймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!