{metadescription}
Павлодар мектептерінде оқу және үзіліс уақытын қысқартуға мәжбүр
Павлодар мектептерінде оқу және үзіліс уақытын қысқартуға мәжбүр

Павлодар мектептерінде оқу және үзіліс уақытын қысқартуға мәжбүр

Павлодардағы мектептерде сабақ уақыты қысқартылды. Керекулік оқушылар енді әр пәнді тек 40 минуттан оқиды.

Себебі мектептерге оқушы сыймай жатыр. Оқу сыныптары аз болғандықтан, екінші ауысымдағы оқушылар үйіне кеш қайтады. Қараңғыда қалған баласының қауіпсіздігіне алаңдаған ата-аналар сабақ уақытын қысқартуды сұраған. Сондықтан білімге жауапты мамандар барлық мектептегі оқу және үзіліс уақытын қысқартуға шешім қабылдапты. Тек асханасы тар, оқушылар тамақтанып үлгермейтін мектептердегі үзіліс сәл ұзағырақ болады.

Жанат Асайынова, Павлодар білім беру бөлімі басшысының орынбасары:

Мектептерде 15 минуттық екі үзіліс болады. Бұл уақытта бастауыш пен орта буын оқушылары тамақтанады. Оқу ұйымдарындағы асханалардың сыйымдылығы әртүрлі. Сондықтан асханасы кең, оқушылар тамақтанып үлгеретін мектептерде үзіліс тек 10 минут болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.