{metadescription}
Түркітілдес мемлекеттер енді ортақ кеден арқылы тауар рәсімдей алады
Түркітілдес мемлекеттер енді ортақ кеден арқылы тауар рәсімдей алады

Түркітілдес мемлекеттер енді ортақ кеден арқылы тауар рәсімдей алады

Түркітілдес мемлекеттер бір-біріне бір табан жақындай түсті. Ұйымға мүше елдер ортақ кеден дәлізі арқылы тауарларды оңай рәсімдей алады. Сенат депутаттары аталмыш заңды мақұлдады.

Оңайлатылған кеден дәлізі, ең алдымен, қаржы шығынын азайтады. Кедендік тексеру, рәсімдеу уақытын қысқартып, қағазбастылық азаяды. Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасында өтетін тауарлар мен көлік құралдары туралы мәлімет электронды түрде алмасады. Қазақстан  осындай кедендік рәсімді оңайлату туралы заң қабылдап отырған бесінші мемлекет. Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркиямен енді арадағы алыс-беріс жолы жеңілдегелі отыр. Бұл еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуына жақсы әсерін тигізеді әрі түркі әлемінің ынтымақтастығы бұрын-соңды болмаған дәрежеде нығаяды деген үміт бар.

Бекбол Орынбасаров:

Күтілетін нәтиже келісім ратификацияланғаннан кейін түркі мемлекеттері елдері арасында сауда экономикалық қатынасты жақсартады. Қазір түркі мемлекеттерімен Қазақстан арасындағы сауда айналымы 111-ден аса миллиард доллар. Осы Заңды бәріміз мақұлдадық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде