{metadescription}
Ақтөбе іргесіндегі ауылда қоғамдық көліктің жоқтығынан қиналып отыр
Ақтөбе іргесіндегі ауылда қоғамдық көліктің жоқтығынан қиналып отыр

Ақтөбе іргесіндегі ауылда қоғамдық көліктің жоқтығынан қиналып отыр

Ақтөбе іргесіндегі ауыл тұрғындары қоғамдық көліктің жоқтығынан қиындық көріп отыр. Жаңа оқу жылы басталғалы автобусқа міну арман болды деп ашынады. Тұрғындардың осы мәселесін өзінше шешпек болған шенеуніктер артық қыламыз деп, тыртық қылған — су жаңа бір автобус бөліп, ол қара жолмен жүруға жарамайды.

Ақтөбе шетінде қатар қоныстанған Бауырластар мен Сазды елді мекендерінде 12 мың шаңырақ бар. Қалаға қоғамдық көлікпен қатынау оларға қиямет-қайымға айналған. Жарты сағатта бір келетін ескі автобусқа «сыймай қаламыз» деп ашынады. Тұрғындар орталықта жұмыс істеп, балалар да оқуға сонымен барады.

Нұртай Ибрагимов, Бауырластар-2 ауылының тұрғыны:

Оқушыларға, студенттерге обал болды. Автобуста сығылысып, киімі, шашы, сөмкесінің дода-додасы шығады. Оқу орнына қалай барады?! Қыста суық. Жазда, кез келген адам айта алады, ішінің бәрі шаң.

Бауырластар мен Сазды ауылына күніне төрт автобус шығады. Тұрғындардың шағымынан соң шенеуніктер тағы бір қоғамдық көлік бөлген. Бірақ онысы елді мекенге жете алмай, жарты жолдан кері қайтады. Себебі: қара жолмен асты тапал автобус жүре алмайды. Автопрактегілер де «жолдарыңды жөндемейінше, ауыл ішіне кірмейміз» деп отыр.

Гүлнәз Төпеева, Бауырластар-2 ауылының тұрғыны:

Алтыншы бағыттағы автобус Егіс деген жерге келіп тұр. Сондағы үш километрдей жерге кірмей тұр. Бос жүр. Ішінде екі-үш адам ғана. Олардың айтатыны: жол жоқ. «Ұзын, үлкен автобус беруге жол жоқ, трасса жоқ, асты тіреліп қалады» дейді.

Шағым айта жиналған тұрғындармен кездесуге әкімдік өкілі де келді. Сабырға шақырудан басқа қолдан келер қайран жоқ.

Самалбек Қалдыбаев, Ақтөбе ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі: 

Негізі сегіз автобус жоспарланған. Мына жолдың жағдайы әлі бітпей жатыр. Асфальт жабындысы төселген соң, сегіз автобус шығарылады.

Шенеунік мәселенің қашан шешілетінін нақты айта алмайды. Тұрғындардың да көнбестен басқа амалы жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде