Jastar Generation-2024 — мамандардан оқып, жұмысқа орналасу мүмкіндігі
Алматы облысында халықаралық Jastar Generation-2024 лагерінің кезекті басқосуы өтті. Бұл жолы шараға еліміздің дарынды жастары мен Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан елдерінің делегациясы қатысты.
Автор: Шапағат Мырзабекова
13.09.2024
Марат Әзілханов, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары:
— Жастарымыздың ортасы кеңейіп, қоғамдық жұмысқа тікелей араласып, барлық елде болып жатқан жаңалықтардың алдында болып, соны ұйымдастырып жүрсе дейміз. Ассамблея жастары Қазақстанда ең белсенді ұйымдардың бірі. Көптеген жоба, су тасқыны болғандағы көмегі, «Мектепке жол», «Таза Қазақстан» акцияларына белсенді қатысып, қазір 9 мыңға жуық жасты біріктірді.
Үш күнге жалғасатын лагерьде менеджмент, мәдениетарлық коммункациялар, медиа бойынша түрлі тренинг мен шеберлік сағаттарын өткізу көзделіп отыр. Мұнда жастар өзара тәжірибесімен бөлісіп, әр саланың мықты мамандарынан сабақ алады. Әсіресе, ұйымдастырушылар ауыл жастарына басымдық бермек. Олар мұнда тек білімін арттырып қана қоймай, жұмысқа да орналасу мүмкіндігі бар.
Дариға Смайылова, қатысушы:
— Су тасқынынан СҚО көп зардап шекті. Белсенді волонтер ретінде мені сонда шақырды. Осы форум қатты ұнайды. Екінші күн тәжірбие алмасып жатырмыз. Спикерлердің бәрі мықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!