«Таза Қазақстан». Биыл Абай облысында өртенген орманның үш мың гектары өңделмек
Абай облысындағы отқа оранған орман тазартылып жатыр. Әскерилер күлге айналған мыңдаған гектар аумақты тазалауға жұмылдырылды.
Автор: Ұлан Нұрахмет
16.09.2024
Қызыл жалын шарпыған 63 мың гектар алқапты ағаштан тазалап қайта қалпына келтіруге 20 жыл қажет дейді орманшылар. Олар биыл үш мың гектар жерді өңдемек. Жұмысты аяқтау үшін әскерилер тартылды. Қос бөлімнен келген 120 жауынгер орманшылармен бірге санитарлық жұмысты жүргізіп жатыр.
Әсет Асайынов, «Семей орманы» РММ бас директорының орынбасары:
— 40 бригада жұмыс жасап жатыр. Сонымен қатар қосымша әскерилер жұмылдырылды. Оның жартысы Алматы қаласының әскери бөлімінен арнайы келді. Алапат өрттің залалын жою жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін, жоспарланған аумақ толық тазартылуы керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!