{metadescription}

«22 істің тек біреуі қалды». Ғылым министрлігі мен талапкерлер соты жайлы

22 істің тек біреуі қалды. Ғылым және жоғары білім министрлігі мен талапкерлер арасындағы сот ісі жалғасып жатыр. Талапкерлердің бірі гранттан негізсіз қағылғаны үшін шағымданса, енді бірі қалаған оқу орнына түсе алмағанына наразы.

Саясат Нұрбек, Ғылым және жоғары білім министрі:

Тамызда 22 арыз түскен. Біріншісі бірден соттың шешімімен қайтарылды. Неге десеңіз, Федоренко деген талапкер мемлекеттік грант алды. Бірден өз-өзімен тоқтатылды. Қазір бір іс қарастырылуда. Астана әкімшілік сотында. 19 қыркүйек күні бірінші отырысы болады. Бірақ сол талапкер берген сотқа, һәм Нархоз университеттің грантын алған, мемлекеттік грантты да алған. Сондықтан сот шешімін күтеміз.

Қалған талапкерлер қалаған оқу орнына түсе алмағаны үшін сотқа жүгініпті. Грантқа құжат тапсыру кезінде ұл-қыздардың төрт университетті белгілейтіні белгілі. Саясат Нұрбектің айтуынша, олар сол тізімдегі бірінші жоғары оқу орнына емес, өзгесіне түскеніне министрлікті кінәләпті. Бірінші таңдауда бәсекелес көп болып, оған балл жетпеген жағдайда, талапкер автоматты түрде екінші немесе үшінші белгілеген университетке түседі дейді министр. Арызданғандардың тағы бір талабы балы төмендердің тізімге ілігуі. Яғни көктемгі тасқын болған аймақтардың түлектеріне квота бөлінген. Төмен балмен түскен де солар, деп түсіндірді министрлік.

Айта кетсек, ғылым және жоғары білім министрлігін талапкерлер алғаш рет сотқа беріп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Кеше

28 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде