{metadescription}
Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріледі
Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріледі

Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріледі

Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріледі. 4 тарау мен 15 баптан тұратын тиісті заң жобасы бүгін Мәжілісте таныстырылды. Оның негізгі қағидаттары — тарихи-мәдени мұраны сақтау, қорғау және рухани объектілердің киелігін сақтауға бағытталған. Айта кетейік, Түркістан қаласына рухани және тарихи орталық ретінде ерекше мәртебе беруді мемлекет басшысы тапсырған болатын.

Заң жобасын дайындаған Ұлттық экономика министрлігі Англия, Италия, Өзбекстан мен Әзірбайжанның тарихи ескерткіштерді сақтап қалу бойынша тәжірибелерін зерттепті. Соңғы алты жылда Түркістан қаласының халық санының 60 мыңға өсуі де ескерілген.

Жалпы заң аясында Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватын құру мен Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің айналасындағы құрылысты шектеу көзделіп отыр. Яғни кесенеге іргелес жатқан жүз метрлік қашықтықта биіктігі жеті метрден асатын, сондай-ақ ауқымы, түсі және құрылыс материалдары бойынша тарихи ескерткіштермен сәйкес келмейтін нысандарды салуға жол берілмейді. Бұл жұмыстарға байланысты Түркістан қаласының әкімдігі мен мәслихатына қосымша 34 құзыретті беру көзделіпті. Оның ішінде қаланың бірыңғай дизайн кодын әзірлеу мен сәулет келбетін қалыптастыру жұмыстары қолға алынбақ. Бұл ретте депутаттар қасиетті қаланың сәулеті ұлттық негізді болуы керек деп санайды.

Қазыбек Иса, Мәжіліс депутаты:

Түркістан қаласының сәулетін өркендеткен кезде, ол, ең алдымен, ұлттық негізде болуы керек. Біз Түркістан қазақ хандарының ордасы болғанын естен шығармауымыз қажет. Сондықтан ондағы сәулеттің бәрі ұлттық үлгіде, кемінде шығыстық үлгіде жасалуы тиіс деп білемін. Әртүрлі елдің, Батыс немесе басқа жақтың әр нәрсесін жабыстыра бермеу керек, құрылыс сала бермеу керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде