{metadescription}
Жамбыл облысы: Жеткіншек көлік апатына ұшырап,төрт бала ауыр халде жатыр
Жамбыл облысы: Жеткіншек көлік апатына ұшырап,төрт бала ауыр халде жатыр

Жамбыл облысы: Жеткіншек көлік апатына ұшырап,төрт бала ауыр халде жатыр

Ұрланып шығып ұрынды. Жамбыл облысында кәмелетке толмаған жеткіншек тізгіндеген көлік апатқа ұшырап, төрт бала ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілді.

Бозбалалардың бірі әкесіне тиесілі «Тойота» көлігін рұқсатсыз мініп кеткен. «Тараз - Жаңатас» бағытында қатты жылдамдықпен жүйткіген көлік жол жиегіне шығып кетіп аударылған. Таңғы төрт шамасында болған апаттан төрт жасөспірім жарақат алып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Кейін ота жасау үшін шұғыл түрде 16 және 18 жастағы науқастар облыстық ауруханаға ауыстырылған. Енді көлік жүргізу куәлігі болмаған жас баланың ата-анасына қатысты әкімшілік іс қозғалмақ. Ал дәрігерлер балалардың жағдайы ауыр екенін айтып отыр.

Айнұр Кәлікова Сарысу ауданы орталық аурухананың бас дәрігері:

2007, 2008 жылғы балалар. Басы жараланған. Жағдайы ауыр. Кома, ,екінші дәрежеде. Қазір біздің аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты, бақылауда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде