{metadescription}
Ақмола облысы: Тайтөбе ауылында салына бастаған жол аяқсыз қалған
Ақмола облысы: Тайтөбе ауылында салына бастаған жол аяқсыз қалған

Ақмола облысы: Тайтөбе ауылында салына бастаған жол аяқсыз қалған

Ақмола облысындағы Тайтөбе ауылының тұрғындары жол салған мердігерді таппай жүр. Өйткені іс аяқсыз қалып, елдімекен ішінде жүру тіпті қиындаған. Жолды жөндеуге бюджеттен 3 миллиард теңге бөлінген. Жұрт жұмыстың неге тоқтағанын білгісі келеді. Ал жергілікті шенеуніктер мен мердігер бірін-бірі кінәлауда.

Тайтөбе жұрты бар қаражатты игере алмаған мердігердің кесірінен қыста қиналатын болдық деп отыр. Ашық жатқан ой-шұңқырмен қазірдің өзінде жүру оңай емес. Қазып тастаған да сол компания.

Жеті мыңға жуық тұрғыны бар Тайтөбе ауылының ішкі жолдарына асфальт төселе бастағанда жұрт қатты қуанған. Бірақ қуанышы көпке бармады   жұмыс тоқтаған. Оның үстіне жаңбырлы жазда астаң-кестеңі шыққан жолдар езіліп, саз балшыққа айналыпты.

Руслан Айтжанов:

Міне, қазір ауа райы өзгереді. Осындай күйде қалатын сияқты. Қосшы әкімдігінің жеке қабылдауына барады, жиналып барамыз, еш нәтиже жоқ.

Жұртты ашындырып отырғаны   қара шаң қауып, ауыл іші астаң-кестең болып, құрылысы басталған асфальт салу аяқталмаған.

Тайтөбеде электр жарығы да, ауызсу да шешілмей келе жатқан проблема. Енді миллиардтап қаражат бөліп, жол құрылысының аяқсыз қалуы тағы бір «бас ауру» болып қосылған. Наразы тұрғындарға мұның себебін түсіндірмекке мердігер компания өкілі келді.

Евгений Попов, «Атырауинжстрой» ЖШС бас инженері:

Неге тоқтап тұрмыз   жолдарда өлшегіш құралдар тұр. Заң бойынша 8 тоннадан артық алып өтуге болмайды. Сондықтан инертті матерал жеткізуде проблема туындады. Бұрын 40 тонналық жүк көлігімен жеткізетінбіз. Енді рұқсат жоқ.

Яғни материал жеткізуде қиындық туындап, кестеден кешігіпті. Талаптардың өзгеруі, тасымал құнын да үш есеге арттырды дейді мердігер компания өкілі. Алайда тапсырыс беруші Қосшы әкімдігі мүлдем басқа пікірде. Олардың айтуынша, проблема тасымалда емес компанияның өзінде.

Сырым Рақышев, Қосшы « Жолаушылар тасымалдау және автомобиль жолдары» ММ бас маманы:

Өкінішке қарай, «Атырауинжстрой» серіктестігі мекемесінде ішкі сұрақтар шешілмеген. Жұмыс тоқтап тұр. Қазір бізден талап етілді, келісімшартты бұзу мәселесі қарастырылды.

Мердігер компания биыл Тайтөбе ауылында 12 шақырым, яғни 26 жолдың құрылысын салуы керек болатын. Әлі 12-сі аяқталмаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде