WorldSkills: Қазақстанның болашақ жұмысшы мамандары Францияда үздік шықты
Қазақстанның болашақ жұмысшы мамандары Францияда үздік деп танылды. WorldSkills халықаралық чемпионатында біздің құрама 7 медаль жеңіп алды. Барлығы еліміздегі кәсіби-техникалық білім беретін колледж студенттері.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
17.09.2024
Әйгерім Досова, Шымкент жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің студенті:
— Чемпионат бізде 4 модульге бөлінді, тігін саласына қатысты мамандықтар жиындығы. Бізге бірнеше элемент арқылы бұйым құрастырып тігу керек болды. Сол тіккен бұйымым Азия мемлекеттерінің үздік эксперттерінің де көңілінен шығып, жоғары балл алдым.
Жоғары балл алған қазақстандық жеті студент. Францияның Лион қаласында өткен жарысқа елімізден 32 студент қатысыпты. Олар сылақшы мен дәнекерлеушілер, тігінші, сән дизайнері, қонақ үй қызметшілері, робот техникасын құрастырушылар және веб технология мамандығын таңдағандар. Түрлі тапсырма орындап, үздік нәтиже көрсеткен жетеуі үздіктер қатарында.
Айта кетейік, биылғы Жолдауында президент 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаған.
Ақзира Қасымова, ҚР Оқу ағарту министрлігі, техникалық және кәсіптік білім беру департаменті директорының орынбасары:
— Жұмысшы мамандардың беделін арттыруға WorldSkills стандарттарын енгізуге, жақсы мамандар даярлауға WorldSkills қозғалысының ролі үлкен. Ең бірінші қатысқан жылдары біз 55-орында тұрсақ, жылдан-жылға балаларымыздың құзыреті артты, осындай жеңімпаз деңгейге жетіп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!