{metadescription}
Алматы облысы: Баласын құтқарамын деп, көршісімен қоса бақилық болды
Алматы облысы: Баласын құтқарамын деп, көршісімен қоса бақилық болды

Алматы облысы: Баласын құтқарамын деп, көршісімен қоса бақилық болды

Баласын құтқарамын деп, әкесі көршісімен қоса бақилық болды. Алматы облысы Кеген ауданында құдықтан үш адамның мәйіті шығарылды. Үйінде су тоқтап қалған соң, әкесі 15 жастағы ұлын ертіп алып үйінің жанындағы құбырды тексермек болыпты. Қасында көршісі болған. Құдыққа бірінен кейін бірі түсіп, шыға алмай қалған.

Марқұмдардың туыстары бұл жәйтқа асфальт төсеу кезінде коммуналдық желінің дұрыс орнатылуын қадағаламаған жергілікті әкім-қараны кінәләп отыр. Себебін КТК тілшісі біліп қайтты.

Кеген ауданында екі шаңырақ аза тұтып жатыр. Көңіл айтуға дүйім ауылдың тұрғындары келіп жатыр. Марқұмдардың жақындары көз жасын тия алмай, бауырларын жоқтап отыр.

Дина Айтбаева, марқұмның туысы:

Бірінші інімді алып шықты. Қарасақ, денесі суып кеткен. Бірінші көмектен кейін құсып жіберіп, көзін ашты ... болды. «Жүріп кеткен» деді. Одан кейін Серік деген ағаны шығарды. Үшіншісін де, түбіне жете алмай, су болып тұр іші. Өрт сөндірушілер суды сорғызып, баланы шығарып алды. Ол кезде бала көгеріп кеткен.

Үш адамның өмірі қиылған қайғылы оқиға күні кеше болды. Үйінде су тоқтап қалғасын, әкесі мен баласы кешқұрым құбырды тексеруге барады. Жанында көршісі де болыпты. Әу баста Құдықты бір қарап шығуға 15 жастағы жасөспірім түскен екен. Бірақ көп ұзамай сонда талып қалады. Әкесі құтқаруға ұмтылғанымен, кері шыға алмай, ес-түссіз құлаған. Артынан 56 жастағы көршісі түсіп, ол да төменде тіл тартпай кетті.

Туыстарының шырылдап отырғаны құдықтың беті көлік жүретін жолдан бір қарыс төмен орналасқан. Топырақпен көміліп жатқанына бір айдан асыпты. Бітеу тұрып, ауа айналымы жүрмегенліктен, ішінде улы газ пайда болуы мүмкін.

Мақпал Шадан, марқұмның туысы:

Су жүргізілгеннен кейін жол салынған кезде технология бойынша құдықтың беті көтеріліп тұру керек. Жол салған мердігер көтеріп, асфальтпен бірдей жасап кету керек болатын. Тұрғындар құдықтың бетін ашып қойған. Соңғы бір жарым айда Кеген ауылында дренажды канал дүргізілді. Сол кезде құдықтың бетін өздерінің топырағымен бекітіп кеткен.

Үшеуінің өліміне қатысты екінші болжам құдықтың ішінде тоқ ұруы мүмкін дейді туыстары. Ал шенеуніктер “ескертсе, өзіміз ақ тексеретін едік” деп өзіне шаң жуытпады. Осыдан бір емес, бақандай төрт жыл бұрын үстінен жол төселіп кеткен құдықты ретке келтіруге адам өлімінен кейін ғана кіріскен екен.

Жасұлан Кәділ, Кеген ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

2020-2021 жылдары жолды қабылдап алған кісі қазір қызметте жоқ. Не себепті дәл судың үстіне жол салып өткенін айта алмаймын. Мынаның бетін көтереді. Уді жұмыстарын жасайды. Көліктер өте алатындай етіп жасаймыз.

Қазір марқұмдардың денесі Қонаев қаласында. Үшеуі метан газына уланды ма, әлде тоқ ұрып қайтыс болды ма, ол енді сараптама қорытындысынан кейін белгілі брлады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.