Петропавлда көпқабатты үйден өрт шықты
Петропавл қаласында көп қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 70 адам эвакуациялады, ішінде он бала бар.
Автор: Мерген Тоқсанбай
17.09.2024
Тілсіз жау шарпығанда 24 тұрғын пәтерлерінен өз беттерінше шыға алмай қалған. Балконнан айғайлап көмек сұрағандарға мамандар тыныс алу аппараты мен арнайы өртке қарсы киімдер жеткізген. Тек содан кейін қызыл жалын құшағында қалғандар қауіпсіз жерге шығарылыпты. Ал өртті сөндіруге 60 маман мен 16 техника жұмылдырылды.
Любовь Богданова:
— Біз алдымен балконға жүгіріп шықтық. Өйткені, дәлізге шығу, есік ашу мүмкін емес еді. Қанша айғайласақ та, бізді ешкім естімеді. Біз жоғарыда едік. Ол жер қараңғы болатын. Содан кейін ТЖД құтқарушылары келіп, бізді дымқыл матаға орап сыртқа алып шықты. Қатты қорықтық. Бүкіл кіреберіс қап-қара түтін, ештеңе көрінбеді. Дем алу мүмкін емес. Әйтеуір бәрімізді аман-есен алып шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!