{metadescription}
Ақтөбеде мембағдарламамен салынған үйдің электр желісі рәсімделмеген
Ақтөбеде мембағдарламамен салынған үйдің электр желісі рәсімделмеген

Ақтөбеде мембағдарламамен салынған үйдің электр желісі рәсімделмеген

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйдің тұрғындары жарықсыз қалуы мүмкін. Үш жыл бұрын мүгедектер мен кезекте тұрған жетім балаларға берілген баспананың электр желісі ешбір мекеме балансына берілмеген. Өйткені техникалық құжаты осы уақытқа дейін рәсімделмепті. Шенеуніктер өзіне шаң жуытпай отыр. Кепіл мерзімі біткен құрылысқа «енді жауап бермейміз» деп қашқақтайды.

24 шаңыраққа шақталған үш қабатты үйдің сапасына қатысты сын әу баста айтылған. Құрылысы үш жыл бұрын бітсе де, тұрғындар тек былтыр ғана қоныстанды. Бір жыл қыстаған олар жел тұрса, пәтер ішінде жел гулеп, жауынды күні төбеден тамшы тамғанына да көндіккен.

Күлімхан Спандиярова:

Мүгедек баласы бар анаға, көп баласы бар анаға ипотекаға бергеннен кейн, «дұрыс үйден бермей ме» деген ренішіміз бар. Болмаса, басқа жерден үй берсін. Мына үйде қыстауға еш мүмкіндігіміз жоқ.

Бұл үйді пәтер кезегінде тұрған мүгедектер мен жетімдерге мемлекеттік бағдарлама бойынша берген. Тегін емес. Айына жеңілдікпен төлейтін несиесі бар. Сол тұрғындар былтырдан бері электр жарығы мен газға ай сайынғы төлем жасай алмай отыр. Себебі: желі еш мекеменің жауапкершілігіне берілмеген. Енді үйге тартылған электр сымы мен есептеуіш құралдар талапқа сай болмағандықтан, жарықтан ажыратылуы мүмкін.

Клара Есжанова: 

Жарыққа, газға шарт істетсін. Үйді балансқа кіргізсін. Электр жарығы мен газға ақша төлей алмаймыз. Қымбаттап жатыр ғой. Оның бәрін енді қалай төлейміз? Қолымызда еш келісімшарт жоқ.

Құрылысқа жауапты мекеме басшылары өзіне шаң жуытпады. Кепіл мерзімінің де өткенін алға тартып отыр. Энергияға жауапты мекеменің балансына өткізумен тұрғын үй кооперативі мен сонда тұратын халық айналыссын деп отыр.

Бауыржан Жантурин, Ақтөбе құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

2021 жылы қабылданды. Тұрып жатқанына үш жылдан асып кетті. Кепі  екі жыл. Бірақ шағым жазса, хат бар, оны түзетуге сонда жолдаймыз.

«Энергосистема» мекемесі үйдің заңсыз электрмен қамтылып отырғанын айтады. Техникалық құжаты рәсімделмеген, көпсалалы есептеуіш құрал қондырылмаған. Бұдан өзге де кемшіліктері жетіп артылады. Сол үшін әкімшілік айыппұл да саламыз деп отыр. Оны айналып келгенде тұрғындар төлейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.