{metadescription}
«Ескірген сайын арзандайды». Салыққа жеңілдіктер енгізілді
«Ескірген сайын арзандайды». Салыққа жеңілдіктер енгізілді

«Ескірген сайын арзандайды». Салыққа жеңілдіктер енгізілді

Ескірген сайын салығы арзандайды. Үкімет жаңа салық кодексіне біраз жеңілдік қосып, Мәжілісте заң жобасын таныстырды.

Ендеше 10 жылдан аса уақыт қолданыста болған автокөлікке салық 30 пайызға төмендетілмек. Ал 20 жылдан асқан автомобильге 50 пайыз жеңілдік бар.

Зейнетақы қорынан көлік алуға аударылатын төлем жеке табыс салығынан босатылады.

Мемлекет басшысы Жолдауында салық жүйесін реформалау жөнінде бірқатар тапсырма жүктеп, Үкіметке нақты міндеттер қойған болатын. Әсіресе салықты әкімшілендіруді толық жаңарту қажеттігі айтылған. Сол себепті жаңа салық кодексінде әкімшілендірудің сервис моделін енгізу қолға алынбақ. Соның арқасында салық төлеушіні тіркеу жеңілдеп, есеп-қисап та біршама қысқарады деп күтілуде.

Мәжілісмендер алдында құжат жобасын таныстырған ұлттық экономика вице-министрі 2026 жылдан бастап қандай жылжымайтын мүлік пен көлікке «сән-салтанат салығы» ұсталынатынын да айтты.

Азамат Әмрин, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

Құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік объектілері бойынша мүлік салығының жоғары мөлшерлемесі, кедендік құны 75 млн. теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге акцизбен қосымша салық салу, қымбат алкоголь және темекі өнімдеріне, сондай-ақ қымбат теңіз кемелеріне және ұшу аппараттарына акцизбен қосымша салық салу ұсынылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде