{metadescription}
Оралда қоғамдық көлік апатынан 11 адам зардап шекті
Оралда қоғамдық көлік апатынан 11 адам зардап шекті

Оралда қоғамдық көлік апатынан 11 адам зардап шекті

Оралда қоғамдық көлік апатқа ұшырап, 11 адам зардап шекті. Газель микроавтобусы мен жеңіл көлік қала шетінде соқтығысып қалған.

Апат бүгін таңертең сағат тоғыщ шамасында болды. Nissan Teana көлігін тізгіндеген жүргізуші жүйтіген күйі қарсы бағытқа шығып кетіп, №1 бағыттағы жолаушы толы Газельге барып соғылады. Жеңіл машинаның жүргізушісі мен ішіндегі екі адам, сондай-ақ автобустағы 8 жолаушы зардап шеккен. Олар ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында полицейлер мен төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде